Киелі орындарды зиярат етуші ерлер мен әйелдер арасындағы психо-әлеуметтік ерекшеліктер (Оңтүстік Қазақстандағы киелі орындар мысалында)

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577//ejrs20254119
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада киелі орындарды зиярат етуші ерлер мен әйелдер арасындағы психо-әлеуметтік ерекшеліктер Оңтүстік Қазақстандағы киелі орындар мысалында қарастырылады. Зерттеуде киелі саналатын орындарға барудың астарындағы наным-сенімдік әрі психологиялық факторлар мен ерекшеліктерді анықтау мақсат етілді. Ғылыми зерттеудің басты бағыттары – дінтанулық және психо-әлеуметтік зерттеулер. Ал зерттеудің негізгі мақсаты, киелі жерлер мен кесенелерді зиярат жасаушы адамдардың психо-әлеуметтік ерекшеліктерін ғылыми негізде жан-жақты талдау, оның қоғамдағы орнын айшықтау. Сол себепті мақалада зиярат жасаушылардың әлеуметтік ерекшеліктері, киелі жерлерге бару жиілігі, мақсаттары, алғышарттар, әсер еткен факторлар зерттеледі. Сондай-ақ киелі жерлерге баратын адамдардың гендерлік ерекшеліктеріне мән беріліп, ерлер мен әйелдердің қайсысы киелі жерлерге жиі баратындығы, қандай мақсаттарда баратындығы, қандай жағдайда баратындығы қарастырылады. Зерттеу Оңтүстік Қазақстандағы адамдар ең көп баратын 17 киелі орында жүргізілген. Зерттеу барысында сауалнама, бақылау, сұхбат секілді ғылыми әдістер қолданылды. Алынған мәліметтерге SPSS 21.0 (Statical Package for Social Sciences) бағдарламасы арқылы статистикалық талдау жасалынды. Зерттеудің нәтижесінде киелі орындарды зиярат етуші ерлер мен әйелдердің психо-әлеуметтік ерекшеліктері белгілі болды. Зерттеуде зияратшы әйелдердің ерлерге қарағанда киелі жерлерге жиірек әрі қиындыққа душар болған кезде баратындығы, дәстүрлі діни рәсімдерде кемшін қалған діни қажеттіліктерін қанағаттандыратындығы және киелі орындарда жасалған дұға-тілектердің де келушілердің жыныстық ерекшеліктеріне байланысты түрленетіндігі анықталған. Тақырыптың отандық дінтану саласында психо-әлеуметтік тұрғыдан әлі де аз зерттелуі жұмыстың құндылығын көрсетеді. Түйін сөздер: дін, кесене, зиярат, ер, әйел.