АДАМ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/3078-8579.2025.83.1.005
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Еңбек нарығын басқару және халықты жұмыспен қамту мәселелеріне ғалымдар, экономистер, философтар, әлеуметтанушылар тарапынан көп көңіл бөлініп келеді. Зерттеулердің жан-жақтылығына қарамастан, адам ресурстарын басқару және ұйымдастырушылық-шаруашылық басқару тетіктерін жетілдіру мәселелері әлі де өзектілікке ие болып отыр. Тек менеджменттің аймақтық деңгейінде ғана біз әртүрлі бағдарламаларды әзірлеу және тиісті салалардың қызметін үйлестіру арқылы жоғары сапалы еңбек әлеуетін құрудың және еңбек ресурстарын ұтымды пайдаланудың ең өткір мәселелерін шешудің тиімді жолдарын таба аламыз. Білім беру жүйесі мен еңбек нарығы арасындағы сәйкессіздік жұмыскүшін болжау әдістерінің жоқтығынан және әлеуметтік серіктестік тетіктерінің жетілмегендігінен туындайды. Бұл оқу орындарын қаржыландырудың жеткіліксіздігімен және түлектердің жұмыспен қамтылуының төмен деңгейімен байланысты. Сонымен қатар, өңірдің экономикалық белсенді тұрғындарының білім деңгейінің төмендігі, инновациялық өндірістерді оқыту жүйесінің жеткілікті дамымауы, түлектерді жұмыспен қамтудың дамымаған жүйесі еңбек нарығындағы теңгерімсіздікке ықпал етеді, яғни еңбек ұсынысының сұраныстан жоғары болуына қарамастан, экономиканың маңызды салалары білікті мамандардың қажетті мөлшерімен қамтамасыз етілмейді. Бұл зерттеудің мақсаты - адам ресурстарын басқару мен еңбек әлеуетінің теориялық және әдіснамалық аспектілерін негіздеу, оның ұйымдастырушылық-экономикалық механизмін жетілдіру бойынша ұсыныстармен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.