КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ЭМОЦИОНАЛДЫ-ЕРІКТІ БҰЗЫЛЫСТАР: ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ТҮЗЕТУ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2025.82.1.019
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада эмоционалды-ерік бұзылыстары, атап айтқанда, кіші мектеп жасындағы аутистік спектр бұзылыстары (АСБ) қарастырылады. АСБ кезінде эмоционалдық және еріктік көрініс-тердің ерекшеліктері талданады, сондай-ақ осы бұзылыстардың қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлар сипатталады, сонымен қатар, түзету жұмысының негізгі бағыттары қарастырылады. Мақаладағы негізгі мақсат – аутистік спект бұзылыстары бар балалардағы эмоционалды-ерік бұзылуларының ерекшеліктерін сипаттай отырып ертегі терапиясының әдіс-тәсілдерін жүйелі қолдану балалардың диалогтық сөйлеуін дамытуға және олардың эмоционалды-ерік бұзылуларының қаншалықты (мазасыздық, агрессия, импульсивтілік) төмендетуге ықпал етуін бағалау. Әдістер: бақылау, аралас бақылау, мазасыздықты анықтайтын Филиппс шкаласы . Нәтижелері: ертегі терапиясын ұйымдастырудың негізгі принциптері көрсетілді, көрнекі ертегілердің мысалдары келтірілді және бұл технологияны психологиялық-педагогикалық тәжірибеде қолдану нәтижелері талданды, кіші мектеп жасындағы АСБ бар балалардағы эмоционалдық және мінез-құлықтағы бұзылыстарды жеңілдету мақсатында педагог, психолог және ата-аналарға пайдалы практикалық әдістер мен тәсілдер ұсынылды. Алынған нәтижелер эмоционалды-ерік сферасы зақымдалған кіші мектеп жасындағы оқушыларға арналған кешенді түзету бағдарламасына ертегі терапия әдістерін енгізудің маңыздылығын растайды.