СТУДЕНТТЕРДІҢ ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНА ЭМОЦИЯЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТІНІҢ ӘСЕРІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2025.82.1.024
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада студенттердің тұлғааралық қарым-қатынасына эмоциялық интеллектінің ықпалын психологиялық зерттеу әдістерін таңдауға қазақ студенттері арасында жүргізілді. Зерттеу тұлғааралық қарым-қатынасына эмоциялық интеллект көрінісіндегі қазақтар арасында ортақ белгілер мен айырмашылықтарды анықтауға мүмкіндік береді, оның тек теориялық маңыздылығы ғана емес, сонымен қатар практикалық құндылық жағы анықталады. Сонымен қатар, эмоциялық интеллектіні зерттеу психология ғылымның өзекті бағыты нақтыланады. Жалпы алғанда, эмоциялар - бұл ақпараттың үлкен қабаты, оны қолдана отырып, әлдеқайда тиімді әрекет етуге болады деген идеяны білдіреді. Эмоциялық интеллектіні анықтайтын әдіс-тер; Э.Торндайк, Дж. Гилфорд, Г.Ю. Айзенк және т.б. ғалымдар әлеуметтік интеллектті зерттеу контекстінде қарастырды, ол басқаларды түсіну және адами қарым-қатынаста ақылмен әрекет ету қабілеті ретінде сипатталды. Зерттеу сыналушы студенттердің тұлғалық қарым-қатынас нәтижелерін анықтау мақсатында эмоциялық интеллекттіні дамыту жұмыстарын әзірлеуге мүмкіндік береді. Эмоциялық интеллект отандық және шетелдік психологиядағы салыстырмалы түрде талданады. Эмпирикалық эксперименттің деректерді жинау әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылды: Н. Холлдың 1Эмоциялық интеллект сауалнамасы”, Дж. Мейер, П. Соловей, Д. Карузоның “Эмоциялық интеллект әдістемесі”, Д.В.Люсиннің “Эмоциялық интеллект сынағы” арқылы зерттеуге алынды. Зерттеу әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері (QR және Google алынды) арасында жүргізілді. Респонденттер ретінде 18-20 жас аралығындағы-118 студентке эмпирикалық зерттеу жүргізілді, соның ішінде эксперименттік топқа психолгтар 20 адам – 3 ұл бала мен 17 қыз бала алынды.