Аңдатпа
Бұл мақалада эмоционалдық интеллектінің команданың динамикасына, ынтымақтастығына және жалпы өнімділігіне қалай әсер ететіні қарастырылды. Мақаланың мақсаты – команданың сипаттамалары, эмоционалдық интеллект, стреске төзімділік және олардың команданың тиімділігіне әсері арасындағы байланыс туралы түсінікті тереңдету. Осы мақсатта команда жұмысының тиімділігіне эмоционалдық интеллектінің ықпалы туралы зерттеулерге шолу жасалып, командалардағы эмоционалдық интеллект деңгейін зерттеудің маңыздылығы негізделді. Эмоционалдық интеллект деңгейін бағалауға болатын негізгі әдістер сипатталды, деректер жинаудың сандық тәсілі қолданылды. Зерттеуге Астана қаласындағы Педагогикалық өлшеулер орталығының қызметкерлері қатысты. Н. Холл ұсынған эмоционалдық интеллект бойынша тестілеу арқылы команданың эмоционалдық интеллект деңгейі айқындалды. Алынған қорытындылар негізінде командадағы эмоционалдық интеллектіні дамыту үшін оқыту жоспарланды. В данной статье рассматривается, как эмоциональный интеллект влияет на динамику, сотрудничество и общую продуктивность команды. Цель статьи – углубить понимание взаимосвязи между характеристиками команды, эмоциональным интеллектом, стрессоустойчивостью и их влиянием на эффективность команды. С этой целью был проведён обзор исследований влияния эмоционального интеллекта на эффективность командной работы и обоснована важность изучения уровня эмоционального интеллекта в командах. Описаны основные методы, с помощью которых можно оценить уровень эмоционального интеллекта, использован количественный подход к сбору данных. В исследовании приняли участие сотрудники Центра педагогических измерений г. Астаны. Уровень эмоционального интеллекта команды был определён с помощью теста эмоционального интеллекта Н. Холла. На основе полученных результатов запланировано обучение для дальнейшего развития эмоционального интеллекта в команде. This article examines how emotional intelligence influences team dynamics, collaboration, and productivity. Its purpose is to deepen the understanding of the relationship between team characteristics, emotional intelligence, stress resistance, and their impact on team effectiveness. To achieve this goal, a review of studies on the influence of emotional intelligence on team effectiveness was conducted, and the importance of studying emotional intelligence levels in teams was established. Key methods for assessing emotional intelligence levels were described, and a quantitative data collection approach was used. Employees of the Center for Pedagogical Measurements in Astana participated in the study. The team’s emotional intelligence level was determined using the N. Hall Emotional Intelligence Test. Based on the findings, a training plan was developed to further enhance emotional intelligence within the team.