INVESTIGATION OF THE DEPENDENCE OF THE ELASTIC WAVE VELOCITY ON THE TEMPERATURE OF A NON-NEWTONIAN LIQUID

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.55956/coxa7643
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ғылыми еңбекте биологиялық сұйықтарға жақын сұйықтардағы ультрадыбыс толқынының жылдамдығының температураға тәуелділігін зерттеу мақсатында резонанстық жиілігі 5 МГц пьезоэлементтен, генератордан, күшейткіштен, осцилографтан, қыздырғыштан, айнымалы ток көзінен, мыс-константан терможұбынан, температура реттегіштен тұратын импульсті ультрадыбысты автоматтандырылған қондырғы жинастырылды. Қоюлықтары әртүрлі ертінділердегі атмосфералық қысымдағы қума толқын жылдамдықтары мен тығыздықтарының температура тәуелділіктері өлшеніп, алғаш рет графиктері тұрғызылды. Тәжірибе жүзінде өлшеніп алынған физикалық параметрлердің көмегімен зерттеліп отырған сұйық үлгінің атмосфералық қысымдағы серпімділік қасиеттерінің температураға тәуелділігі физикадан белгілі заңдылықтар мен формулалардың көмегімен есептеп анықталды. Серпімді қума толқынды шығаратын көз және оны үлгінің жоғары бетінде орналасқан айнадан шағылып келгенде қабылдайтын қабылдағыш ретінде бір пьезоэлемент қолданылды. Ультрадыбыс толқынының үлгіні шағылғанға дейінгі және шағылғаннан кейінгі жүріп өткен жолына кеткен уақыты осцилографтың экранында пайда болған жіберілген және шағылған импульстерді беттестіру арқылы анықталды. Жинақталған қондырғының өлшеу дәлдігін бағалау мақсатында ультрадыбыс толқынының жылдамдығы жақсы зерттелген дистилденген су пайдаланылды. Жинастырған қондырғыда алынған нәтижелер анықтамалардағымен сәйкес келді.