RESEARCH OF THE QUALITY OF CONFECTIONERY PRODUCTSOF LONG-TERM STORAGE FROM MELON CROPS

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.55956/qrkl8110
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл зерттеуде патенттелген рецептура бойынша дайындалған, бақша дақылдарынан алынған ұзақ сақталатын кондитерлік өнімдердің сапа көрсеткіштері зерттелді. Қазақтың ұлттық тағамы қауынқұрт және инновациялық қарбызқұрт өнімдердің физика-химиялық, микробиологиялық қасиеттері мен тағамдық құндылығы анықталды. Зерттеу барысында алынған өнімдердің құрғақ зат мөлшері 13,39-14,62%, ақуыз үлесі 4,38-4,64%, көмірсулар 43,67-44,32%, май 0,25-0,49%, энергетикалық құндылығы 174,39-177,84 ккал (729,71-743,99 кДж) құрады. Микробиологиялық зерттеулер зеңнің болмауын және ашытқылардың рұқсат етілген деңгейде екенін көрсетті. «Қауын құрт» өнімінде B3 дәрумені мен кремнийдің мөлшері жоғары анықталды, бұл сүйек, буын және тері денсаулығына оң әсер етеді. «Қарбыз құрт» құрамында A дәрумені көп, бұл оның антиоксиданттық қасиеттерін күшейтеді. Өндірілген өнімдер әртүрлі сақтау шарттарында 1 жыл тексерілді. Пластик контейнерде және шыны банкада сақталған өнімдерде ылғалдың жоғалуы байқалып, құрылымы қатайған. Вакуумдық қаптамада сақталған үлгілер сапасын сақтап, ылғал жоғалтпады. Жалпы, бұл зерттеу ауыл шаруашылығы өнімдерін тиімді қайта өңдеуге, тағам өнеркәсібіне инновациялық және пайдалы өнімдерді енгізуге, сондай-ақ халықтың дұрыс тамақтануын қамтамасыз етуге ықпал етеді.