«АДАМ АНАТОМИЯСЫ» ПӘНІНЕН ЖАППАЙ АШЫҚ ОНЛАЙН КУРСЫН ӘЗІРЛЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53355/zhu.2024.112.4.014
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада «Адам анатомиясы» пәнінен жаппай ашық онлайн курсын әзірлеудің негізгі ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – курсты әзірлеудің негізгі ерекшеліктерін анықтау арқылы білім беру сапасын жақсарту және цифрлық технологияларды интеграциялаудың тиімді жолдарын көрсету. Мақаланың негізгі идеясы – «Адам анатомиясы» пәнін жаппай ашық онлайн курсы (ЖАОК) форматында әзірлеудің ерекшеліктерін анықтау және оны тиімді жүзеге асырудың әдістемелік, технологиялық және педагогикалық негіздерін ұсыну. Мақалада жаппай ашық онлайн курсының тиімділігін арттыру үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер мен технологиялар талқыланып, интерактивті құралдар, анатомиялық модельдер мен виртуалды зертханалардың маңыздылығы атап өтіледі. Сонымен қатар, курстың құрылымы, мазмұны, бағалау жүйесі мен студенттермен кері байланыс орнату тәсілдері түсіндіріледі. Адам анатомиясын онлайн оқыту барысында теориялық білім мен практикалық дағдыларды тиімді үйлестіру жолдары, сондай-ақ студенттердің оқуға деген қызығушылығын сақтау үшін қолданылатын мотивация әдістері қарастырылған. «Адам анатомиясы» пәнінен жаппай ашық онлайн курсын әзірлеу бірнеше маңызды ерекшеліктер мен әдіс-тәсілдерді талап етеді, себебі бұл пән теория мен практиканы үйлестіретін күрделі ғылым. В данной статье рассматриваются основные особенности разработки массового открытого онлайн-курса (МООК) по дисциплине «Анатомия человека». Цель исследования – улучшение качества образования за счет определения ключевых аспектов создания курса и демонстрации эффективных способов интеграции цифровых технологий. Основная идея статьи заключается в определении методологических, технологических и педагогических основ, необходимых для разработки и реализации МООК по дисциплине «Анатомия человека». В статье обсуждаются методы и технологии, используемые для повышения эффективности онлайн-курса, а также подчеркивается значимость интерактивных инструментов, анатомических моделей и виртуальных лабораторий. Описаны структура и содержание курса, система оценки и способы обратной связи со студентами. Рассматриваются подходы к сочетанию теоретических знаний и практических навыков, а также методы мотивации, используемые для поддержания интереса студентов к обучению. Разработка массового открытого онлайн-курса по дисциплине «Анатомия человека» требует учета множества важных особенностей и подходов, так как эта дисциплина представляет собой сложную науку, объединяющую теорию и практику. This article examines the key features of developing a massive open online course (MOOC) on the subject of "Human Anatomy." The aim of the study is to enhance the quality of education by identifying the main aspects of course design and demonstrating effective ways to integrate digital technologies. The main idea of the article is to outline the methodological, technological, and pedagogical foundations required for the development and implementation of a MOOC in "Human Anatomy." The article discusses the methods and technologies used to improve the efficiency of the online course and emphasizes the importance of interactive tools, anatomical models, and virtual laboratories. It describes the course structure, content, assessment system, and methods of establishing feedback with students. The approaches to effectively combining theoretical knowledge and practical skills, as well as the motivation methods applied to sustain students' interest in learning, are also considered. The development of a MOOC on "Human Anatomy" requires consideration of numerous significant features and methods since this discipline represents a complex science that combines theory and practice.