БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУҒА ДАЯРЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2025.85.1.015
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада болашақ бастауыш сынып педагогтерін оқушылардың цифрлық дағдысын дамытудың әдістемесі дайындалды. Ең алдымен, цифрлық дағды, цифрлық сауаттылық түсініктерінің теориялық аспектілері қарастырылады. Болашақ бастауыш білім педагогінің рөлі фасилитатор, модератор, көмекші, тәлімгер, ментор, тьютор, ойын педагогі, стартап тәлімгері, смарт-педагог, онлайн платформашы жұмыс түрлерінде сипатталады. Цифрлықдәуірдегімұндайсауаттылықәмбебапжалпығабірдей маңызды,олқоғамныңбарлықмүшелерінеқажетжәнеадамныңақпараттықмәдениетініңмаңыздықұрамдасбөлігін құрайтынғы талданады. Цифрлық дағды ұғымы бірашама халықаралық зерттеулерге сүйеніп авторлар тарапынан нақтыланады.Эмпирикалық бөлімде анықтау эскпериментіне бақылау тобының 72 респонденті және эксперимент тобының 72 респонденті, жалпы саны 144 студент қатысып, нәтижелері сандық және пайыздық көрсеткіштерде талданады. Анықтау эксперименті бойынша болашақ бастауыш сынып педагогтерінің цифрлық дағдыға байланысты түсінік деңгейін анықтауға авторлық сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижелері ксетелерде, гистограммаларда көрініс тапты. Сонымен қатар мақалада болашақ бастауыш сынып педагогтерін оқушылардың цифрлық дағдысын дамытудың әдістемесі дайындалды. Қалыптастыру экспериментінде «Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық дағдысын дамыту» атты элективті курс мазмұны және аталмыш әдістеменің оқу-тақырыптық жоспары беріледі.