ОРТА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУТБОЛ ОЙНАУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2025.85.1.027
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада орта мектеп оқушыларының футбол ойнау дағдыларын қалыптастырудағы «дағды», «футбол ойнау» негізгі категорияларды философиялық, психологиялық және педагогикалық тұрғыдан талданады. Оқушылардың футбол дағдыларын қалыптастырудағы қазіргі тенденцияларына сай теориялық, ғылыми-әдістемелік тұрғыдағы отандық және әлемдік зерттеулер сипатталады, Олардың негізгі сипаттамаларын ескере отырып, орта мектеп оқушыларын тәрбиелеудегі білім сапасын арттыруға негіз болатын әдістемелерін анықтау жұмыстары ұсынылады. Мақалада футболшыларды дайындаудағы заманауи талаптарды тереңірек түсінуге және футбол ойнау дағдыларын тиімді дамыту үшін ғылыми-әдістемелік ұсынымдар беріледі. «Футбол» электронды журналының мазмұны, үлгісі талданады. Футбол ойнау дағдыларын қалыптастыру барысында осы бағыттағы қазіргі зерттеулер мен жарияланымдарды көрсететін қазақстандық авторлардың әдістемелік еңбектері қарастырылады. Эмпирикалық талдауларда «Оқушымен сұхбат нәтижелері: футбол дағдыларын үйренудегі мотивация, тәжірибе және күту» бойынша зерттеу нәтижелері талданады. Сұхбат бойынша оқушылардың футбол дағдыларын үйрену контекстіндегі олардың мотивациясына, тәжірибесіне және күтулеріне қатысты бірқатар маңызды сұрақтарға жауаптары жинақталып өңделіп беріледі. Жүргізілген әдістердің жалпы түйіні психологиялық-педагогикалық аспектілер футбол дағдыларын дамытуда маңызды екені анықталады және оұушылардың көшбасшылық қасиеттерін, командалық жұмысты және эмоционалды тұрақтылықты дамытудыкөздейтіні анықталып, оның нәтижелері кесте және гистограммаларда көрсетіледі. Сондай-ақ, футбол ойынының жаттықтырушылары және мұғалімдерімен сұхбат жүргізіліп, оның нәтижелері беріледі.