АРТ ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ БІЛІМ ПЕДАГОГТЕРІН КӘСІБИ ДАЯРЛАУДЫ МОДЕЛЬДЕУ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2025.85.1.014
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада арт технологиялар негізінде болашақ бастауыш білім педагогтерін кәсіби даярлаудың теориялық аспектілері философиялық, психологиялық, тарихи-әлеуметтік, педагогикалық негіздеулерде баяндалады. Арт технология гуманистік бағытта оқу-тәрбие үдерісіне қолайлы деп түсіндіріліп, болашақ мамандарың көкжиегін кеңейту: өмірдің тұтастығын қолдау (дамыту), шынайы даралыққа жету, тұлғааралық қарым-қатынаста автономиядан жақындыққа көшу, негізгі өмірлік мақсаттарды тұжырымдау, өмірлік шеңберде шынайы көзқарастарды дамыту, адекватты өмірлік концепциялар, тереңірек дамытуда эмпатия мен интуицияны пайдалану символдық қатынас деңгейлерін құрайтындығы айтылады. Арт-терапияның функцияларына қатысты тазарту, реттеушілік, коммуникативті-рефлексивті, адамзаттың интеллектуалдық және рухани тәжірибесін меңгеру, құзыреттілікті интернационализациялау жайлы талданады. Арт технологияның мүмкіндіктері тұтастық, үштік қатынас, әлемнің суретін кеңейту, знергия блоктары, клиент құзыреті, процедуралық деп беріледі.Арт технологиялар негізінде болашақ бастауыш білім педагогтерін кәсіби даярлауды модельдеу жүзеге асады. Құрылымдық-мазмұндық моделі мақсаттық, мазмұндық –технологиялық, бағалаушы -нәтижелілік блоктарынан құралып, мотивациялық, мазмұндық, ұйымдастыру, когнитивтік, іс-әрекеттік, нормативтік компоненттер арқылы сипатталады. Болашақ бастауыш білім педагогтерінің арт-технология негізінде кәсіби даярлығы қалыптасуының критерийлері, деңгейлері қарастырылады. Арт технологиялар негізінде болашақ бастауыш білім педагогтерін кәсіби даярлауды жүзеге асырудың ұстанымдары талданады. Қорытынды бөлімде ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.