МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2025.85.1.022
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада магистранттардың цифрлық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Автор ғылыми педагогикалық, психологиялық, арнайы әдебиеттерді талдай келе, «цифрлық құзыреттілік» ұғымының мәнін ашуға тырысады. Ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып, автор магистранттардың цифрлық құзыреттілігінің құрылымын ұсынады.Зерттеудің мақсатына сәйкес магистранттардың цифрлық құзыреттілігінің құрылымын анықтау үшін түрлі көзқарастар мен ұстанымдар сараланды, соның ішінде цифрлық құзыреттілік –цифрлық технологияларды пайдалану саласындағы әртүрлі мәселелерді шешу қабілеттері деп түйіндесек болады, яғни ақпараттыіздеу мен бөлісуді, сұрақтарға жауаптарды, басқа адамдармен өзара әрекеттесуді және компьютерлік бағдарламалауды қоса алғанда, цифрлық технологияларды пайдалана отырып мазмұнды пайдалану және жасау. Цифрлық құзыреттілік цифрлық ынтымақтастық, қауіпсіздік және мәселелерді шешу қабілетін қамтиды. Сонымен қатар, цифрлық құзыреттілік өз құрылымында білім, білік, дағдыны кіріктіретін, жалпы және нақты қажет ақпаратпен жұмыс жасауда цифрлық ресурстарды тиімді таңдау мен пайдалану қабілеті құрайтыны анықталды.