ҚҰМАР ОЙЫНДАРҒА ТӘУЕЛДІЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЛДАРЫНА САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6270.2025.89.1.004
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Құмар ойындарға тәуелділік – қоғамдағы ең басты ойландыратын әлеуметтік мәселелердің бірі. Оның жеке адамдарға және жалпы қоғамға ықпал ететін үлкен әлеуметтік салдары бар. Бұл мақалада құмар ойынның әлеуметтік салдарын лудоманиялық зерттеулерді талдау арқылы ұғыну бағытталған. Зерттеудің мақсаты – құмар ойынның әр түрлі әлеуметтік салаларға, атап айтқанда, денсаулық сақтау, экономика және отбасы институтының әлеуметтік құрылымына ықпалын сипаттайтын деректерді жинақтап, талдау. Зерттеу процесінде құмар ойынға тәуелділіктің әлеуметтік салдарына қатысты ғылыми мақалалар, баяндамалар және жарияланымдар талданып, теориялық-аналитикалық зерттеу әдістері пайдаланылды. Зерттеу барысында негізгі тақырыптар мен қорытындылар анықталып, деректерге кешенді талдау және синтез жүргізілді. Нәтижелер құмар ойынның әлеуметтік әсерлерінің кең спектрін, соның ішінде қаржылық шығындар мен банкротқа ұшырау, отбасылық қатынастардың бұзылуы, психологиялық проблемалар және қылмыстық әрекеттердің орын алуын айқындады. Бұл деректер құмар ойындардың алдын алу және олардың әлеуметтік салдарын азайту үшін кешенді шараларды әзірлеп, жүзеге асырудың маңыздылығын көрсетеді. Жүргізілген зерттеу құмар ойынның әлеуметтік қырларына академиялық тұрғыда терең түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл әлеуметтік құбылысты басқаруға арналған тиімді стратегияларды әзірлеуде маңызды рөл атқаруы мүмкін.