АРНАЙЫ КІТАПХАНАЛАР КӨРУ МҮМКІНДІГІНЕН АЙЫРЫЛҒАНЖАНДАРДЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6270.2025.89.1.001
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Көру қабілеті бұзылған адамдар қоғамда көптеген қиындықтарға, соның ішінде көбінесе білім алуда, жұмысқа орналасуда, әлеуметтік қарым-қатынаста және ақпараттану процесінде қиындықтар кезігіп жатады. Кітаптар, журналдар және газеттер сияқты материалдардың көпшілігі баспа түрінде болғандықтан олардың білім алуы, оқиғалар мен жаңалықтар туралы білуі, қызығушылықтарымен хоббилерін дамытуы шектеледі. Бұл мәселені шешуде көру қабілеті бұзылған адамдарға қызмет көрсететін арнайы кітапханалар маңызды рөл атқарады. Мақаланың теориялық бөлімінде зағип жандарға арналған кітапхананың даму тарихына, арнайы кітапхананың олардың әлеуметтік бейімделуіне және қоғамға интеграциялануына қатысты ғылыми шолу жасалады. Зерттеудің эмпирикалық бөлімін Алматы қаласындағы Республикалық арнайы кітапхана оқырмандарымен қызметкерлері арасында құрылымданған сұхбат әдісімен жүргізілген зерттеу нәтижелері құрайды. Зерттеу нәтижесінде арнайы кітапханалар зағип жандардың өзін-өзі дамытуымен қоғам өміріне белсенді араласуына, қоғамдық ортаға әлеуметтік бейімделуіне белсенді ықпал ететіні анықталды. Мақалада кітапханада өткізілетін мәдени-ағартушылық іс-шаралардың оқырмандардың өмір сапасын жақсартуына әсері және арнайы кітапханалардың жұмысын жақсартудағы кездесетін мәселелер талданады. Мақала нәтижелерін мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған инклюзивті білім беру жүйесінде және әлеуметтік қызмет көрсету салаларында қолдануға болады.