ҰЛТТЫҚ(ЭТНИКАЛЫҚ)АЗШЫЛЫҚТАРҚОҒАМДАҒЫҰЛТАРАЛЫҚКЕЛІСІМДІНЫҒАЙТУСУБЪЕКТІСІРЕТІНДЕ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6270.2025.89.1.003
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Этномәдени азшылықтардың әлеуметтік құбылысы әр түрлі әдіснамалық жүйелерді қолдана отырып, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың әр түрлі салаларында кешенді ғылыми талдауды қажет етеді. ХХ ғасырда «этномәдени азшылық» ұғымы бірнеше рет әр түрлі бағыт ғалымдарының назарында болды: заңгерлер, саясаттанушылар, тарихшылар, мәдениеттанушылар, этнографтар мен әлеуметтіктанушылар. Этномәдени азшылықтардың өмірінің белгілі бір аспектілерін зерттеу, олардың ғылыми білім саласы үшін басым болып табылатын маңызды сипаттамаларды анықтаудың маңыздылығы өте ауқымды. Осы мақалада зерттелетін құбылыстың мәнін неғұрлым толық түсінуге этномәдени азшылықты анықтаудағы барлық қолданыстағы тәсілдерді түсіндіру және салыстыру арқылы қол жеткізіледі. Сондай-ақ, біз бұл мақалада қоғамымыздағы күнделікті өмір сүріп жатқан этносаралық дәстүрлі және инновациялық мәдениетімізді талдап, салыстырмалы тұрғыда талқылаймыз. Талдау барысы жүргізілген зерттеу нәтижелеріне негізделеді. Мақалада, жаһандану барысында өзгерістерге ұшырап жатқан дәстүрлеріміздің ұлт болашағына және халықтың әлеуметтік жағдайына тигізетін әсеріне сараптама жасалады. Қазіргі дамушы қоғамда дәстүрлі және инновациялық мәдениеттің проблемалары ерекше орын алады. Дәстүрлі және инновациялық мәдениеттің үйлесімділігі, бір жағынан дамудың, екінші жағынан қоғам үшін уақыт пен тексерілген ең маңызды құндылықтарды сақтаудың кепілі болып табылады. Мақалада бұл мәселе дәстүрлі негіздерді сақтау ұлттық бірегейлікті сақтаудың қажетті шарты болып табылатын көпұлттық қоғам контекстінде қарастырылады.