КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІ ЖАҒДАЙЫНДА МОЙЫНҚҰМ ҚҰМДЫ МАССИВІНІҢ ӨСІМДІК ЖАМЫЛҒЫСЫНЫҢ ӨЗГЕРУ ДИНАМИКАСЫН БАҒАЛАУ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jgem20257614
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Аумағының 70% шөлейтті және шөл зонасы алып жатқан еліміз үшін жаһандық климаттың өзгеру жағдайында құмды массивтердегі жайылымдық алқаптарды тиімді пайдалану және олардың жай-күйіне мониторинг жасап отыру бігінгі күнде өте өзекті мәселе. Біз бұл зерттеу жұмысында Жерді қашықтан зондтау (ЖҚЗ) деректері мен кешенді далалық зерттеу жұмыстарын және де көпжылдық климаттық деректерді пайдалана отырып, Мойынқұм құмды массивіндегі өсімдік жамылғысының өзгеру динамикасына талдау жасадық. Вегетациялық индекстердің (NDVI, EVI) көрсеткіштері бойынша 2000 жылдан 2024 жылға қарай Мойынқұм құмды массивінің кейбір бөліктерінде өсімдіктер жамылғысының айтарлықтай жақсарғаны байқалады. ЖҚЗ деректері негізінде алынған нәтижелерді тексеру (верификация) мақсатында зерттеу аумағына далалық жұмыстар ұйымдастырылды (22 нүкте) және 5 метеорологиялық станциялардың (Ойық, Ұланбел, Құлан, Тасты және Мойынқұм) көпжылдық климаттық деректері алынып, талданды. 2000-2023 жылдардағы орташа жылдық температура 1980-2000 жылдармен салыстырғанда Ойық МС – 1,1 ℃, Ұланбел МС – 1,0 ℃, Құлан МС – 1,0 ℃, Тасты 1,1 ℃ және Мойынқұм МС – 1,0 ℃ жоғары. Сонымен қатар, 2000-2023 жылдардағы орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 1980-2000 жылдармен салыстырғанда Ойық МС – 12,1 мм, Ұланбел МС – 10,4 мм, Құлан МС – 20,5 мм, Тасты 9,9 мм және Мойынқұм МС – 5,5 мм-ге жоғарылаған. Зерттеу аумағындағы метеорологиялық станциялардың деректері негізінде климаттық деректерді талдай отырып, аумақтағы соңғы жылдары өсімдік жамылғысының жақсарғанына климаттық жағдайлар, соның ішінде жауын -шашын мөлшерінің көбейгенінің әсері болуы мүмкін.