TIKTOK ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІСІНІҢ ХОРЕОГРАФИЯ ӨНЕРІНІҢ ДАМУЫНА ӘСЕРІ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53871/2078-8134.2025.1-18
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Жаһандану процесінде ұлттық құндылықтарымызды, тарихымызды, тілімізді, өнерімізді сақтай отырып, жаңа дәуірге бейімделу қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Заманауй ортада адами қасиеттерді қалыптастыруға, білім алуға, бос уақытты тиімді ұйымдастыруға және т.б. факторларға әлеуметтік желілердің, платформалардың әсері артып келеді. Өнер - әлемді көркем бейнелерде бейнелейтін және адамға эмоционалды әсер ететін рухани мәдениеттің бір түрі. Өнер адамның ойлау жүйесі мен сезімдерін қалыптастыра отырып, оның дамуына жан-жақты әсер етеді. Қазіргі таңда өнердің атқаратын функциялары қайта қарастырылып, қоғамдық сананы әлеуметтік желілермен қатар қалыптастыруда. Хореография өнерінің танымдық мүмкіндіктері шексіз және адамның рухани өмірінің басқа салаларымен алмастырылмайды. TikTok әлеуметтік желісі адаманың өміріне еніп, қоғамның барлық салаларымен бірге дамып келеді. Сондықтанда, жан-жақты пәнаралық зерттеулерді талап етеді. Зерттеу барысы үш кезеңде жүргізілді. Шет елдік және отандық ғалымдардың ғылыми еңбектерін талдау, хореография өнері саласының мамандарымен сауалнама жүргізу, платформаны белсенді қолданатын хореографтармен сұхбат жүргізу. Зерттеу нәтижесінде TikTok платформасының хореограф мамандардың кәсіби қызметінің бір саласына айналғандығын көреміз. Сонымен қатар, хореография өнеріне тигізетін тиімді және тиімсіз тұстары анықталып, би өнерін әрі қарай дамыту үшін қолдануға ұсыныстар жасалды.