АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АУДАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53871/2078-8134.2025.1-08
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлының аудармаларындағы ұлттық болмыс, ұлттық ерекшеліктер қарастырылған. «Мені тудырған – заман, патша заманының зұлым саясаты, зорлығы, зомбылығы, қорлығы» деп өзі айтқандай, отаршыл саясат, ел ішіндегі алауыздық, талас-тартыс Ахметті мысал жазуға итермеледі. Сонымен бірге ұлттық мүддені қорғауды мұрат тұтқан, сол жолда қуғын-сүргінге ұшыраған Ахмет үшін ойын астарлап жеткізудің жаңа бір тәсілі керек еді. Ол тәсіл – мысал арқылы қоғамды сынау. Ол осы жанр арқылы іштегі шерін тарқатып, айтайын дегенін айтып, ел рухын көтеріп, ақыл-кеңес, халқына ғибратты сөз арнады. Бірақ онысы құрғақ ақыл, құрғақ дидактика, жалаң пәлсапа емес, терең зерделілікпен жазылған биік поэзия болып шықты. Ол бұрын жазылған Эзоптың, Лафонтеннің, Федрдің мысалдарын жетілдіріп, қазақыландырып, яғни ұлттық рең беріп, өзіндік форма, стильмен төл туындыларға айналдыра жазғандығы туралы зерделенген. Сондай-ақ, Ш.Құдайбердіұлының, Н.Ахметбековтің, Т.Ізтілеуовтің аудармаларының ерекшеліктері талданған. Поэзияның бейнелеу үлгілерін алғаш көрсеткен А. Байтұрсынұлы теориялық тұжырымдары төңірегінде талданып, сараланған. Мақалада көркем аударма туындыларындағы ұлттық болмыс, ұлттық таным, ұлттық бірегейлікті танытуда Ахмет Байтұрсынұлы басшылыққа алған ұстанымдар пайымдалған.