ЖАРАПАЗАН ЖАНРЫНЫҢ ПОСТФОЛЬКЛОРДАҒЫ БЕЙІМДЕЛУІ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯДАҒЫ РӨЛІ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53871/2078-8134.2025.1-14
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада фольклорлық шағын жанрлардың, оның ішінде жарапазанның интернеттегі өзгерістері мен қазіргі қоғамдағы маңызы кеңінен қарастырылады. Жарапазанның тарихы мен эволюциясы, оның қазіргі заманға бейімделуі ерекше зерттеу нысаны болып табылады. Әуелде магиялық қызмет атқарған жарапазан қазақ қоғамында құт-ырыздық тілеу мен қырсықтан аластату мақсатында айтылған болатын. Бұл жанрдың мәтіндерінде алғыс пен қарғыс жиі кездеседі, мысалы, дәулет тілеу мен теріс энергиядан қорғану үшін айтылатын сөздер. Жарапазанның түрікмен және басқа түркі халықтарымен ортақ болуы да оның исламға дейінгі мәдениеттің бір бөлігі болғанын көрсетеді. Қазіргі уақытта, жарапазанның контексті интернет пен әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, жаңаша форматта ұсынылуда. Заманауи технологиялармен үйлесім тауып, ол жаңа медиа, бейнемазмұн мен музыкалық өңдеулер арқылы жаңа аудиторияға жетуде. Постфольклорлық жарапазан жанрының элементтері қазіргі әлеуметтік мәселелерді көтеріп, поп-музыка мен электронды стильдермен бірігіп орындалады. Сонымен қатар, жарапазанның мәтіндері қазіргі қоғамның тілдік ерекшеліктеріне бейімделіп, жаңа платформа арқылы жаңғыртылуда. Қазіргі кезеңде жарапазанның жаңартылуы халықтық мәдениетті сақтап, оны заманауи қоғамның мәдени нормаларына сәйкестендіруді көрсетеді. Ауыздан ауызға таралатын дәстүрлі фольклордың интернеттің дамуы арқылы жаңа формада таралуы, оның жаңаша мазмұнмен толықтырылуы туралы терең талдау жасалады. Фольклорлық шығармалар мен жанрлардың, оның ішінде жарапазанның, қоғам өміріндегі рөлі және ұлттық мәдениетке тигізер әсері зерттеледі. Жарапазанның тарихы мен мәні, оның қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінде алатын орны ерекше атап өтіледі. Сонымен қатар, бұл жанрдың интернет арқылы таралуы мен жаңару процесі, заманауи медиа мен цифрлық платформалар арқылы жарапазанның қайта жаңғыруы кеңінен қарастырылады. Мақалада жарапазандардың мәтіні мен орындау ережелерінің өзгеруі, жаңа медиа құралдары арқылы осы дәстүрдің қалай дамып жатқаны, сондай-ақ ұлттық мәдени мұраның цифрлық кеңістікте сақталуы мен насихатталуы мәселелері сарапталады. Жаңа ақпараттық технологиялар мен интернет ресурстарының фольклор жанрларын жаңғыртудағы рөлі, оның ұлттық мәдениеттің үздіксіз сақталуына және таралуына қосар үлесі сөз болады.