«БАБЫРНАМАДАҒЫ» ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР БЕЙНЕСІ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53871/2078-8134.2025.1-03
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

«Бабырнама» – тарихи және әдеби кұндылықтарға толы мемуарлық шығарма. Автор өзінің өмірі мен әскери жорықтарын баяндап қана қоймай, тарихи дерек ретінде көптеген құнды мәліметтер ұсынады. Яғни еңбекте XV-XVI ғасырлар арасындағы басты-басты оқиғалар қамтылған. Еңбектің авторы Зәһиреддин Бабыр жан-жақты білімпаз адам ғана емес, көз алдында өткен сан қилы оқиғаларға бақылау жүргізіп, оны ой елегінен өткізген зерттеуші деуге болады. Бабыр өз еңбегінде Әлішер Науаи, әйгілі ғалым, астроном Ұлықбек, тарихшы-ғалым Мұхаммед Хайдар Дулат сияқты әдебиет пен өнер қайраткерлерінің деректерге негізделген портреттерін жасаған. Сонымен қатар «Бабырнамада» қазақтың ханы Қасым мен Әдік сұлтан жайында тарихи деректер берілген. «Бабырнамада» Бабырдың жеке өмірі, соғыстары мен саяси қызметі ғана емес, сонымен қатар оның айналасындағы батырлардың бейнесі де үлкен мәнге ие. «Бабырнамадағы» батырлар портреті нақты тарихи тұлғалар болғандықтан, олардың бейнелері тарихи шындыққа негізделген. Бабыр батырларды суреттегенде олардың әскери жетістіктері мен ерліктерін ғана емес, сонымен бірге олардың жеке қасиеттерін де атап көрсетеді. Бабырдың оларды мінездегенде ерекше назар аударатын қасиеттері – олардың батылдықтары, әскери қабілеттері, қайсарлықтары мен адалдығы. Осы мақалада «Бабырнамадағы» тарихи тұлғалар мен батырлар портреті сарапталып, олардың тарихи және әдеби маңызы талданады.