БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА МЕДИАЦИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ҚАЖЕТТІГІ ТУРАЛЫ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.63546/3005-2246.2024.8.4.003
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Құқықтық тәжірибеде медиативтік процедураларды жүзеге асырудың тетіктерін қарастыру, оның ішінде білім беру процесінде медиацияны қолдану мәселелерін зерттеу өзекті тақырыпқа айналуда. Әдебиеттерді және заңнаманы зерттеу медиацияның қолдану әдістерінің жан-жақты қысқаша мазмұнын береді, атап айтқанда қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерде медиативтік процедураларды қолдану мүмкіндіктері, оның тиімділігі туралы түсінік береді. Зерттеудің алдына қойған мақсаты Қазақстан Республикасының білім беру мекемелеріндегі дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен шешудің құқықтық мәселелерін жан-жақты, кешенді зерттеу. Медиацияны қолданудың негізгі тәсілдері бар: біріншіден, ол жанжалдарды реттеуші амал-тәсілдер; екіншіден, ол жанжалдарды шешудің балама тәсілі; үшіншіден, соттан тыс шешудің заманауи құралы; төртіншіден, ол татуласуға негізделген тәсіл. Осы тәсілдер арқылы медиацияның нақты мамұны мен мәні зерттеліп, бағаланады. Нәтижелерді талдау (1) медиация тұжырымдамасын жан-жақты зерттеу және ғылыми талдау жүргізу тек теориялық қана емес, сонымен бірге оның негізгі қағидаларын жүзеге асыру және олардың білім беру мекемелері жүйесіндегі дауларды (жанжалдарды) реттеу процесінде көрінуі үшін үлкен практикалық маңызы бар екенін көрсетеді; (2) медиацияның принциптері мен маңыздылығын ашып көрсету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының білім беру мекемелеріндегі дауды (жанжалды) шешуде медиатордың рөлін белгілеуді көрсетеді. Бұл мәселені шешу маңызды. Бұл әр түрлі деңгейдегі білім беру ұйымдарындағы субъектілер арасында туындайтын дауды (жанжалды) шешу процесіндегі медиацияның рөлі мен орнын көрсетеді.