АЛТАЙ ЖОТАСЫНДАҒЫ ТУРИЗМ ӘСЕРІНЕН АУЫР МЕТАЛМЕН ЛАСТАНҒАН ТОПЫРАҚТЫҢ ТАБИҒИ ЖОЛМЕН ТАЗАРУЫ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/eje202582102
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Әлемді жаулаған пандемия кезінде Қазақстандық Алтайға 32-40 мың, Моңғол Алтайда 13 мыңға жуық көлік саяхаттаған. Алтай жотасында жолдар асфальтталмаған, туристік даяашылық қызметі жеткілікті дамымағандықтан бей-берекетсіз туризм белең алып, тарам жолдар пайда болдыру, жер қыртысын зақымдау, саз батпақтарды кешіп өту арқылы топырақ жамылғысы ауыр металмен ластанғанын анықтаған. Зерттеу нәтижесінде ондағы бүлінген топырақтарда таза топырақпен салыстырғанда қорғасын, никель, мырыш қатарлы ауыр металдың мөлшері 2-4 есе артқаны, жәнеде Қазақстандық Алтайда туризм әсерінен 705.7 га, Моңғол Алтайда 182.7 га алаңның топырағы зақымдалғаны туралы жазған. Бұл зерттеу нәтижесі бойынша Моңғолияның Қоршаған Орта, Туризм министерлігіне қарасты Моңғол Алтай жотасынындағы Ерекше қорғалатын аумақтар Басқармасының 2023 жылдың 28-нші Шілдедегі A/14 бұйрығы бойынша көлік қозғалысын шектеген. Ластанған топырақты тазарту, экологияны қалпына келтіру қатарлы басқадай жұмыстар атқарылмағандықтан авторлар мұнда ластанған топырақ тек табиғи жолмен тазарған болуы мүмкін деген ғылыми болжам жасады. Бұрынғы кординаттан сынама алып, лабораторияда атом спектрометрін сіңіру амалдары бойынша топырақтың құрамындағы 6 ауыр металдың деңгейі анықталды. Топырақтағы хромның мөлшері жолдың үстінде 3.8-6.3мг/кг-ға азайып, ал жолдың төменгі жағында кейбір кординаттарда азайып, кейбирінде көбейген. Қорғасын мөлшері жол үстінде 2.7-6.8 мг/кг-ға азайып, жолдың төменгі жағында 5.5-8.8 мг/кг-ға дейін көбейіп, жинақтала бастағаны анықталды. Мырыштың көлемі әр кординатта айтарлықтай өзгергенімен қандай бір тұрақтылық байқалмады. Зерттеу нәтижесінде ауыр металмен ластанған топырақ әр түрлі эрозия арқылы табиғи жолмен тазаруға болатыны нақты дәлелденді.. Түйін сөздер: Алтай жотасы, топырақтық ластануы, ауыр металдар, табиғи жолмен тазару.