Аңдатпа
Қазіргі уақытта Оңтүстік-Шығыс Қазақстан майбұршақ дақылдарын өсірудің негізгі аймақтарының бірі болып табылады. Жақында бұл аймақта майбұршақ дақылдарының ауданы айтарлықтай өсті. Алайда, климаты күрт континенталды Алматы облысының таулы аймақтарында майбұршақтың жоғары өнімділігінің қалыптасуына әсер ететін жағымсыз факторлардың бірі табиғи ылғалдылықтың болмауы болып табылады. Майбұршақ дақылдары әсіресе сыртқы жағдайларға сезімтал және жауын-шашынның аз түсуі, қолайсыз жылдары тұқымдарының өнгіштігі және өну энергиясы толық пайда болмауына байланысты өнімділіктің пайыздылығының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Осыған орай майбұршақ сорттарының тұқымдарының өнгіштігі және өну энергиясы пайыздылығын жоғарлату арқылы олардың өнімділігін арттыру аса күрделі сұрақтардың бірі. Біздің зерттеулерімізде суармалы және қуаңшылық егістік жағдайларын салыстыру мақсатында майбұршақ сорттары тұқымдарының өнгіштігі және өну энергиясы айқындалды. Егістік жағдайда тұқым сапасын анықтау нәтижесінде Жалпақсай, Вита, Даная, Алматы сорттары суармалы жағдайда тұқымдарының өнгіштігі (77,0-80,0%) және өну энергиясы (81,0-82,0%) және қуаңшылық жағдайда тұқымдарының өнгіштігі (75,0-76,0%) және өну энергиясы (78,0-79,0%) анықталды. Жоғарыда аталған майбұршақ сорттарын Алматы облысының оңтүстік шығыс жағдайында құрғақшылық селекциясына бастапқы материалды ретінде пайдалануға болады.