СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА ӨСЕТІН АМАРАНТ (AMARANTHACEAE) ТҰҚЫМДАС ӨСІМДІКТЕР РИЗОСФЕРАСЫНА ТӘН МИКРОАҒЗАЛАРДЫҢ ТҰЗҒА ТӨЗІМДІЛІГІН АНЫҚТАУ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.37884/1-2025/23
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазақстан аграрлы мемлекет болғандықтан аграрлық сала ауыл шаруашылығының басты саласы. Мемлекетіміз ауыл шаруашылық өнімдерінің шикізаттарымен өз елімізді қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар көрші елдерге экспортқа шығару мүмкіндігіне ие. Сондықтан ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Топырақтың тұздануы ауыл шаруашылығының өнімділігіне әсер ететін және құрғақ және жартылай құрғақ аймақтарда жерді тұрақты басқаруға елеулі кедергілер тудыратын негізгі фактор болып табылады. Экологиялық ландшафттардың алуан түрлілігімен ерекшеленетін Қазақстан өңірлері топырақтың сортаңдануына бейім, бұл ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігінің төмендеуіне және экожүйелердің жай-күйінің нашарлауына әкеледі. Зерттеу жұмысының мақсаты Солтүстік Қазақстанның тұзды топырағынан алынған Амаранттар тұқымдасына жататын өсімдіктердің ризосферасына тән микроағзалардың тұзға төзімді штамдарын оқшаулау, іріктеу және анықтау. Зерттеу жұмыстары 2024 жылы «БИО-КАTU» ЖШС микробиология зертханасында жүргізілді. Мақалада Солтүстік Қазақстанның Шортанды және Целиноград аудандарының тұзды топырағынан алынған Амаранттар тұқымдасына жататын өсімдіктер микрофлорасына тән микроағзаларға жасалған микробиологиялық талдау нәтижесі, сондай-ақ культуралы-морфологиялық сипаттамалары да келтірілген. Микроағзалар кешенінің сандық көрсеткіштері мен құрамы анықталып, микробиологиялық талдау нәтижесінде таза культуралар бөлініп алынды. Амаранттар тұқымдасына жататын зерттелген өсімдіктер микрофлорасы микроағзаларға бай екеніне көз жеткізілді және саңырауқұлақтар, бактериялар, актиномицеттер саны анықталды. Алынған микроағзалар 1%, 2%, 3%, 4%, 5%, 7% және 10% концентрациядағы NaCl қосылған тығыз қоректік орталарға себілді. Тұзға төзімді штамдарды таңдап алу мақсатында өскен штамдардың өлшемдері алынды. Тәжірибе нәтижесі бойынша тұзға төзімді штамдар анықталды, олар Sphingobacterium caeni 2Р, Pseudomonas aeruginosa 25Р, Halomonas meridiana 48Р, Bacillus pumilus 54Р, Paracoccus marcusii 58Р, Sphingobacterium faecium 69Р, Streptomyces europaeiscabiei 85P, Glutamicibacter halophytocola 98Р, Bacillus megaterium 106Р. Алдағы уақытта бұл штамдар өсуді ынталандыру, фунгицидтік қасиеттері бойынша зерттеліп, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттырып, фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін микробиологиялық препараттарды жасау технологияларын әзірлеуде пайдаланылатын болады.