ТӨМЕН СҰРЫПТЫ КӨМІРДІҢ БЕТІНДЕ ТАРАЛҒАН МИКРОАҒЗАЛАРДЫҢ ФЕРМЕНТАТИВТІ БЕЛСЕНДІЛІГІ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.37884/1-2025/09
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының аумағында, Қарағанды қаласынан шығысқа қарай 35 шақырымдай түзу сызықта орналасқан Күмісқұдық және Кузнецк көмір кеніштерінің төмен сұрыпты қоңыр көмірінен бөлініп алынған Microbacterium, Brevundimonas, Pseudomonas, Streptomyces, Bacillus тектес микроағзалардың ферментативті белсенділігін зерттеу нәтижелері берілген. Ферментативті белсенділікті зерттеу үшін NaCl әртүрлі концентрациясы бар селективті ортада өсуге бейім тұзға төзімді 10 штамм іріктеліп алынды. Қоңыр көмірден бөлініп алынған штамдардың көпшілігі целлюлаза, каталаза және пектиназаны түзуге қабілетті. Тұзға төзімді барлық штамдар №5 Microbacterium ginsengiterrae штамын қоспағанда, Гетчинсон ортасында жоғары целлюлазалық белсенділік көрсетті. Барлық зерттелген штамдар пектиназа өндіруге қабілетті, бұл топырақтағы өсімдік қалдықтарының ыдырау процесінде жаңа штамдарды қолдануда маңызы зор. Microbacterium ginsengiterrae №4, Microbacterium ginsengiterrae №5, Brevundimonas vesicularis №11, Brevundimonas nasdae №12, Brevundimonas vesicularis №19, Pseudomonas mandelii №25, Streptomyces parvus №26 штамдары жоғары каталазалық белсенділік көрсетсе, Streptomyces parvus №27 және Brevundimonas vesicularis №28 штамдарының каталазалық белсенділігі орташа болды. Алынған нәтижелер тұзға төзімді микроағзалардан барлық сипаттамалары сортаң топырақтарда ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру үшін қажет және тұзданған топырақтарды биоремедиациялауға, органикалық қалдықтар мен көмір қалдықтарын өңдеуге бағытталған биотехнологиялық үрдістерде экологиялық маңызды микробиологиялық биопрепараттар құрастыруда құнды болып табылады.