Толеранттылық болашақ педагогтердің сыни ойлауын қалыптастырудың тәсілдемеcі ретінде

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jes20258213
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада жаһандану дәуіріндегі толеранттылықтың өзектілігі мен болашақ педагогтердің сыни ойлауын қалыптастырудағы толеранттылық тәсілдеменің маңызы қарастырылады. Авторлар толеранттылықты болашақ педагогтердің сыни ойлауында объективті талдауға, дербес қорытынды жасауға, ақпаратты бағалау дағдыларын дамытуға ықпал ететіндігін негіздейді. Сонымен қатар, болашақ педагогтердің кәсіби этикасының ажырамас бөлігі ретінде толеранттылық тәсілдемені келесідей зерделейді: ашық болу, мектептегі білім алушылардың әртүрлі пікірлері мен мәдени ерекшеліктерін ескеруге дайын болу, гуманизм, эмпатия, жауапкершілік т.б. Авторлар Web of Science және Scopus халықаралық деректер базасында жарияланған ғылыми жарияланымдарды мақала тақырыбына сәйкес 4 бағытта қарастырады: 1) жекелікті (дара ерекшелікті) құрметтеу; 2) әртүрлілікті (айырмашылықты) қабылдау; 3) тыңдау және диалог; 4) сынды қабылдай білу және келісімге келу. Сонымен бірге толеранттылық және сыни ойлау мәселелері бойынша жарияланған ғылыми еңбектерді келесідей топтастырады: 1) ғылыми мақалалар бойынша; 2) оқулықтар мен әдістемелік құралдар бойынша; 3) нормативтік құжаттар және халықаралық декларациялар бойынша; 4) психологиялық тренингтер мен жаттығулар бойынша; 5) кейстер және практикалық тапсырмалар бойынша; 6) бейнематериалдар мен дәрістер бойынша; 7) анықтамалық және интерактивті ресурстар бойынша. Ж. Ташенов атындағы университеттің «Педагогика және психология», «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтары бойынша сауалнама жүргізіліп, толеранттылық деңгейлері (жүйелік ойлау, рефлексиялық, шығармашылық, коммуникативтілік, бағалаушылық) мен компоненттеріне (түсіну, өзара түсіну, ынтымақтастық) сәйкес бастапқы және соңғы эксперимент жүргізілді. Сыни ойлауды қалыптастырудың кезеңдеріне (дайындық, топтарға бөлу және нұсқаулық, сыни ойлауды құрылымдау, рефлексия және жалпылау, бағалау және кері байланыс) сәйкес қолданылған тиімді әдістердің жиынтығына талдаулар жасалынады. Түйін сөздер: толеранттылық, толеранттылық тәсілдеме, сыни ойлау, түсіну, өзара түсіну, ынтымақтастық, тәсілдеме.