Термин сөздердің танымдық сипаты және оны интеграциялай оқыту жолдары

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jes202582111
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Оқушылардың сөздің терминдік мағынасын жаттанды түрде емес, оны түсініп қабылдауы, бір термин сөздің бірнеше пән саласында қатар қызмет атқаруын меңгеруі олардың оқу үлгеріміне әсер ететін фактордың бірінен саналады. Термин арқылы, біз, оқушылардың бойында болмыс туралы ғылым танымды қалыптастырамыз. Сол себепті термин сөздің анықтамасы баланың қабылдауына жеңіл болуы керек, оның жадында ұзақ өмір сүруі қажет. Ол үшін гуманитарлық және жаратылыстану бағыты бойынша оқытылатын пән терминдерінің жасалу жолдарын пән мұғалімдері негіздей білуі тиіс. Терминденуші лексика көздерінің терминдену үдресін толықтай түсіндіріп бере алуы қажет. Сонда ғана ол термин сөз өзінің өміршеңдігін сақтап қалады. Сол себепті оқушының терминдік мағынаны толық меңгеруін, оқушының тілдік санасында (жадында) ұзақ сақталуын, сондай-ақ оқушының интегративті ойлау жүйесін қамтамасыз ету – бүгінгі күннің талабы. Олай болса, сөздің терминдік мағынасы және оны интеграциялай оқыту жолдарын қарастыру осы мақаланың басты мақсатын көрсетеді. Ұстанған мақсатқа сәйкес интеграциялай оқыту бойынша шетелдік, кеңес және қазақ педагог ғалымдарының еңбектеріне теориялық және практикалық тұрғыдан шолу жасалады. Интеграциялай оқытудың білім беру үдерісіндегі артықшылықтары мен білімгердің оқутанымдық қабілетін арттырудағы тиімділігі туралы сөз болады. Оқушы санасында қабылдаған теориялық және практикалық білімді біртұтастындыру арқылы білім қорын жинақтауы, сала ақпараттарын жүйелей алуы, қолдану дағдысын қалыптастыруы, анализ, синтез жасауы жайлы мәселелер талданады. Терминдік мағынаны оқытуда интеграциялай оқытуды басшылыққа алу мәселесі түсіндіріледі. Бір термин сөздің бірнеше пәннің (география, биология, қазақ тілі т.б.) терминологиялық жүйесінде қолданылатыны ғылыми тұрғыдан дәлелденді. Зерттеудің тәжірибелік бөлігіне 55 мектеп оқушылары қатысты. Әр пәннің өзіне сәйкес терминдік мағынаны меңгертудің жолдары ұсынылады. Түйін сөздер: термин сөздер, педагогикалық технология, интеграциялай оқыту, танымдық оқыту, пәнаралық.