Аңдатпа
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ Аңдатпа: Мақалада ұлттық мазмұндағы мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың инновациялық бағыттары қарастырылған.Этнопедагог ғалымдарының ұлттық құндылық туралы тұжырымдары негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың үлестік дүниетанымын қалыптастырудағы құндылықтардың маңызы көрсетілген.Мектепке дейінгі ұйымдағы білім беру стандарттарын, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың типтік оқу бағдарламаларын талдай отырып, балалардың ұлттық құндылықтарын қалыптастыруға мүмкіндік беретін материалдар қандай көлемде екендігі анықталады.Мектепке дейінгі ұйымның тәрбие процесінде ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың инновациялық моделі ұсынылады.Сондай-ақ, Мектепке дейінгі ұйымда ұлттық құндылықты қалыптастыруға бағытталған атааналармен бірлескен қызметтің инновациялық нысандары туралы айтылады.Атаәжелер мектебінің, ата-әжелер мектебінің, аналар мен әкелер мектебінің жұмысын жаңа форматта ұйымдастыру бойынша ізденістер баяндалды.