Аңдатпа
ТАРИХИ ТҰЛҒАТАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІAңдатпа.XXI ғасырәлемдік деңгейде ғылымының кемеліне келген кезеңі.Себебі, жаңа технологиялардың қарыштап дамуы барысында жаңа тың технологиялар, мамандықтар пайда болып адамзат баласына қызмет етуде.Сонымен қатар, сан қырлы ғылым салалары өзара байланыста болып, жаңа тың зерттеулер дүниеге келді.Осыған байланысты тарих ғылымы басқа салаларымен етене байланыста болуы арқылы жаңа тың деректер көбеюде және теориялықметодологиялық әдістемелер жасалу үдерісінде.Осы бағытта, тарих ғылымының бір саласы болып табылатын тұлғатану бойынша жаңа ғылыми еңбектер дүниеге келді.Бұл бойынша авторлар Отан тарихындағы тұлғатанудың тарихи маңызын атап көрсеттті.Себебі, өмірдің әр сәті мен әр оқиғасы адамдардың қатысуымен болып, нәтижесінде ол кезеңдер тарихқа айналады.Мақалада, тұлғатану бойынша теоиялық-методологиялық талдаулар жүргізілді.Мақалада тарих ғылымының бір саласы болып табылатын тұлғатану туралы қалам тербеген Отандық ғалымдардың еңбектері тарихи тұрғыда аталып өтіледі.Осыған орай, мақала жүйелелілік, объективтілік және тарихилық принциптер бойынша талдау жасалынды.Тұлға дегеніміз өз ойын нақты және толыққанды, жүйелі жеткізе алатын, озық терең ойымен, білімідлігімен ерекшеленетін адамдар болып табылады.Осы бойынша, мақалада Отан тарихындағы белгілі ғалымдардың еңбектеріндегі тұлға қғымы бойынша ғылыми-тұжырымдар берілді.Кілт сөздер: тарих ғылымы; тарихи тұлғатану; тұлға; Отан тарихы; зиялы; ұлт тарихы. КіріспеТарих ғылымының ең басты салаларының бірітұлғатану бағыты.Тұлғатануғылым көкжиегінде әрқашан да өзектілігі мен маңыздылығын жоймайтын бірден-бір тарих ғылымының саласының бір бөлшегі.Себебі, тұлғалар жасаған әр дәуірдің әр кезеңін алып қарасақ та, оқиғалардың өзіндік ерекшеліктерін көруге болады.Сондықтан да, олардың шығармашылық мұрасы, терең ой-тұжырымдары, атқарған еңбектері тарих ғылымында әрқашан өзектілігін БҚУ Хабаршысы Вестник ЗКУ 1(97) -2025 138 жоймайтын бірден-бір негіздер [1, 120 б.].Осыған орай, тарихшы-ғалым ретінде Отан тарихымыздың әр кезеңіндегі тұлғаларға тоқталып кететін болсақ, мәселен, ежелгі дәуірден бастау алатын болсақ, ортағасырлық шығыстың ұлы ойшылдары, білгір философ әл-Фараби, математика ғылымының негізін салушы әл-Хорезми, медицинаның дамуына сүбелі қосқан Ибн Сина және қазақ елі туралы олардың тұрмыстары туралы әл-Идриси, әл-Якуби секілді тұлғалар өз күнделіктерінде тың деректерді қалдырды.Қазіргі таңда, аталған ғұламалардың мұралары өз маңызын жоймауда.Аталған кезеңнің тұлғаларын зерттеуші-ғалымы араб ойшылдары туралы өз ғылыми еңбектерінде арқау еткен Ақжан Жақсыбекұлыны айта аламыз.Сонымен қатар, аталған ғалымның ғылыми тұжырымдауы бойынша «әл» деген ұғымның өз заманында белгілі ойшылдарға, халыққа аянбай еңбек сіңірген тұлғалар есімдеріне қосып беріледі.Бұдан, жоғарыда аталған ұлы ойшылдардың өз заманында озық ойлы тұлғалардың болғандығын тағы бір мәрте дәлелдей түсіреді.Сондай-ақ түркі елінің ұстазына айналған Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикмет», Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы», Жүсіп Баласағүнидің «Құтадғу білік» және Сүлеймен Бақырғани еңбектерінде адамдарды имандылыққа, сүйіспеншілікке, сабырлылыққа, ұстамдылыққа үйретуді насихаттаған құнды жәдігерлерлің бірі болып табылады.Бұл дәуірдегі ғылыми еңбектерде өз заманына байланысты шариғат заңымен өмір сүруді талап ететін, иманды, сабырлы және еңбексүйгіштікке тәрбиеледі деген қорытындыға келе аламыз.Ал, Қазақстан тарихының жаңа заман дәуірінде қазақ елі сыртқы саясат бойынша жеткілікті деңгейде дағдарысқа ұшырап отырды.Соның ішінде қазақ еліне орасан зор қарама-қайшылықты кезең 1723-1727 жылдарға созылған «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдары кезеңдерін атауымызға болады.Бұл қиын-қыстау заманда тек қана жоңғарлар ғана емес, Қытай, Ресей империялары, башқұрттар, казактар жойқын шабуылдарын ұйымдастырып қазақ елін тентіретіп жіберді.Осыған қарамастан, тұлғалық қасиеттердің бірегейі батырлықтарымен, ержүректілігімен қазақ елін сыртқы жаудан қорғауда Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, төрелік айтып, әділдіктің үлгісін көрсеткен Төле, Қазыбек және Әйтеке билерді атауымызға болады.Осы бағытта, қазақ халқының көрнекті өкілдері және өз заманының ойшылдары, қазақтың үш жүзі Төле, Қазыбек және Әйтеке билер, Шоқан Уәлиханұлы, Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, одан кейінгі ірі күрескерлеріміз Әлихан Бөкейханұлы бастаған бір топ зиялылары Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Қошке Кемеңгерұлы және т.б.сынды тұлғаларды атап өтуімізге болады.Әрине, Отан тарихында өшпестей із қалдырған қайраткерлеріміздің еңбектеріндегі тұлғалар және оның қасиеттері туралы көптеген ақпараттарды алуға болады.Мәселен, Жүсіпбек Аймауытұлының «Психология», Міржақып Дулатовтың «Оян қазақ», Қошке Кемеңгерұлының «Қазақ тарихынан» атты және т.б.еңбектерін атауға болады.Бұл шығармалардағы негізгі ойлары тарихи тұлғалар бейнесі