Bulletin WKU

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.37238/2960-1371.2960-138x.2025.97(1).40
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНЫҢ ТЕХНОГЕНДІК ӘСЕР ЕТУ АЙМАҒЫНДАҒЫ ТОПЫРАҚТЫҢ ЛАСТАНУ ДӘРЕЖЕСІН БАҒАЛАУ Аңдатпа.Бұл мақалада Атырау мұнай өңдеу зауытының (АМӨЗ) техногендік әсер ету аймағындағы топырақтың ауыр металдармен ластану деңгейі зерттеледі.Зерттеудің негізгі мақсатызауыт аймағындағы топырақтың химиялық құрамындағы ауыр металдардың (мышьяк, никель, хром, кадмий және т.б.) концентрациясын анықтап, олардың экологиялық қауіпсіздігін бағалау.Зерттеу далалық және зертханалық әдістерді қолдану арқылы жүргізілді.Топырақтың химиялық ластануының жиынтық көрсеткіші (Zc) есептеліп, оның қауіптілік деңгейі бағаланды.Нәтижелер бойынша ауыр металдардың концентрациясы кейбір нүктелерде шекті рұқсат етілген концентрациядан (ШРК) бірнеше есе жоғары екені анықталды.Әсіресе, хром мен никельдің мөлшері экологиялық және адам денсаулығына үлкен қауіп төндіретін деңгейде.Зерттеу нәтижелері топырақтың ластану дәрежесін төмендету және экологиялық жағдайды жақсарту бойынша нақты ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.Антропогендік әсерді азайту үшін экологиялық мониторинг жүйесін енгізу және қалпына келтіру шараларын жүргізу қажеттігі атап өтіледі.Кілт сөздер: топырақтың ластануы; ауыр металдар; экологиялық қауіп; Атырау мұнай өңдеу зауыты; жиынтық көрсеткіш; техногендік әсер; топырақтың химиялық құрамы