Bulletin WKU

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.37238/2960-1371.2960-138x.2025.97(1).17
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

БОТАЙ МӘДЕНИЕТІНІҢ ЕСКЕРТКІШТЕРІНДЕГІ КЕШЕНДІ ЗЕРТТЕУЛЕР Аңдатпа.Мақалада Ботай мәденитетіндегі соңғы археологиялық зерттеулердің нәтижелері ұсынылған.Солтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы көрнекті ғалым В.Ф.Зайберттің жетекшілігімен 1980 жылы Ботай энеолиттік қонысы ашылды, кейінгі зерттеулер Солтүстік Қазақстан, Көкшетау және Ботай халықаралық экспедициясының ал кейінгі жылдары Ботай қонысына ұқсас болып келген бірқатар ескерткіштероның ішіндегі Рощинское, Сергеевка, Красный Яр, Васильковка, Баландино қоныстары ашылды.Солтүстік Қазақстан мен далалық белдеудің энеолиттік ескерткіштеріне қатысты материалдарды талдай келіп, біз мынадай бір заңдылықты байқадық.Ботай мәдениетінің археологиялық нысандар Орал-Ертіс аралығында көп жағдайда классикалық далалық экожүйеде, ал шекаралық аймақтардасолтүстүгінде орманды-далалық, оңтүстігінде жартылай шөлді өңірлік орналасқан.Ботай мәдениетінің ескерткіштерінің зерттеу жаратылыстану ғылымдары саласындағы отандық, батыстық және ресейлік сарапшылардың зерттеулерінде Ботай қонысының артефактілері және мәдени қабаттарын жан-жақты талдау зерттеу нәтижесінде көптеген автордың жасаған ғылыми жаңалықтарын растайды.Сондай-ақ Ботай мәдениетінің басқа қоныстары.ерте жылқы шаруашылығының құрылымы мен технологиясы Ботай мәдениеті Еуразия және Қазақстан тарихында ерекше орын алады.Ботай мәдениеті тарихы ескерткіштері ғылыми және жалпы ғылыми әдебиеттерде үнемі талқылануда.Кілт сөздер: Тарих; археология; ескерткіш; Солтүстік Қазақстан; мәдениет; Ботай.Кіріспе Ботай қонысы алып жатқан аудан көлемі 15 гектардан асады, соңғы археологиялық зерттеулер бойынша археологиялық және палеозоологиялық материалдар көп табылды [1,10-15 б;].Алғаш ашылған жылдан бастап 1983 жылы Ботай қонысында «Энеолит ескерткіштерін зерттеу әдістемесі, алынған зерттелетін аймақтың экономикасының мәліметтері» тақырыбында Бүкілодақтық далалық семинар өткізіліп, Ботай мәдениеті қоныстары жайлы ерекше