Саясаткердің тілдік портретін анықтаудағы қаратпа сөздердің орны (Ә. Бөкейханның саяси дискурсы негізінде)

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph202519716
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада ХХ ғасыр басында ірі саяси қайраткер Әлихан Бөкейхан қолданған қаратпа сөздер саяси дискурс тұрғысынан сөз болады. Кейінгі жылдары лингвистикада саяси дискурсты зерттеуге көбірек мән беріле бастады. Осы бағыттағы зерттеулерде саяси қайраткерлер тіліне талдау жасауға ерекше мән беріледі. Сол арқылы қоғамның саяси өміріндегі тілдің атқаратын рөлін және ел өміріндегі өзгерістердің тілден көрініс табуын, ұлт тілінің белгілі бір кезеңдегі қолданылу, даму деңгейін, саясаткер тілінің ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік туындайды. Ірі саясаткер, көрнекті қайраткер, қазақ әдеби тілінің дамуына айрықша үлес қосқан алаш зиялысы Әлихан Бөкейхан тілін зерттеудің өзектіктілігі де осында. Ұлтын азаттық жолына бастап, оқығандарын, зиялы қауымды ұлттық ғылым-білімнің өрлеп-өркендеуіне жұмылдырып, елдің дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның тілдік портретін жасау өте маңызды. Қазақ тілінің ғылым тілі, саясат тілі ретінде қалыптасуы ХХ ғасыр басындағы Алаш кезеңімен тығыз байланысты. Ұлттық әдеби тілдің функционалдық стильдерінің дамуында бұл кезеңнің, сол уақытта еңбек еткен алаш зиялыларының алатын орны айрықша. Осы кезеңде бүкіл ұлт зиялыларына бас болған Ә. Бөкейхан сынды аса ірі саяси тұлғаның тілін зерттеу арқылы қазақ тілінің саяси дискурстағы қолданысын, ондағы қаратпа сөздердің алатын орнын айқындау зерттеудің негізгі мақсаты. Түйін сөздер: Әлихан Бөкейхан, алаш, қаратпа сөздер, саяси дискурс, саяси коммуникация, дискурс-талдау, саяси портрет.