Мадина Омарова әңгімелерін ЖОО-да оқыту әдістемесі

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph2025197116
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақала арқылы жоғары оқу орындарында кең қолданылып, етек алған дәстүрлі және заманауи оқыту әдістерінің бір жерге шоғырланып, өзіндік мақсатқа жеткендігін көреміз. Қазақ жазушыларының, оның ішінде, тәуелсіздік кезеңіндегі әйел жазушылар прозасы зерттелетін болады. Прозаны зерттей отырып, көркемдік ізденістері мен оқыту әдістемесіндегі оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қарастыратын боламыз. Яғни оқытудың инновациялық технологияларын қолдану мәселесі қозғалады. Қазіргі педагогика ғылымының әдіснамалық саласында әңгімелерді оқыту әдістемесіне үлес қосу көзделеді. Мақаланың мақсаты – бірқатар тәуелсіздік кезеңіндегі әйел жазушылар прозасының әдебиеттану ғылымына қосқан педагогикалық үлесі және шығармаларын жоғары оқу орнында оқытудың мәселелерін қарастыру. Мақаланың ғылыми маңыздылығы – әңгімелерді әдеби талдау түрлерін ғылыми тұрғыдан зерттеуді қамтамасыз етсе, тәжірибелік мәні – зерттеу жұмысының нәтижесін жоғары оқу орны студенттері, магистранттар мен докторанттар және әдебиеттанушылар, әңгіме жанрға қатысты зерттеулерінде пайдалана алады. Бұл тақырыпты ашу үшін келесі зерттеу әдістері қолданылды: теориялық, типологиялық көзқарас, тарихи-әдеби, педагогикалық және эксперименттік. Жазушы әңгімелерін жоғары оқу орын студенттеріне оқып талдауға жаңа технологияларды пайдалану ерекшелігі мен маңыздылығы қарастырылады. Мадина Омарова, Бибігүл Иманғазина, Айгүл Кемелбаева, Аягүл Мантай, Лира Қоныс, Роза Мұқанова сынды қазақ прозасына өзіндік таңба қалдырып, өзіндік ізін жалғаған қаламгерлеріміздің шығармаларын ЖОО-да оқытудың жаңаша әдістемесі қарастырылады. Талдау көркем шығарманың образдық жүйесін (басты кейіпкер, қалған кейіпкерлердің бас кейіпкердің мінезін түсінуге қалай көмектесетіні), басты мәселені анықтауға жүгінеді. Жазушының әңгімелерін зерделеу барысында студенттерді проблемалық, танымдық тапсырмалар тиімді ұсынылады. Мақаланың практикалық маңыздылығы зерттеу нәтижесінде жасалған ғылыми тұжырымдар әңгімелерді оқыту әдістеме саласының дамуы мен қалыптасуына, сондай-ақ ЖОО-да оқытудың әдістемесіне қатысты зерттеулерді толықтырып, тереңдетуге ықпал ететіндігінде. Мақалада келтірілген ғылыми тұжырымдар әңгіме шығарма жанрына қатысты, көпшілікке ұсына алатын әңгімелерді оқытуға негізделген, оқыту әдістемесінде өзіндік орын алатын маңызға ие. Зерттеу нәтижелері ЖОО-да оқытудың әдістемесі негізінде құнды дереккөз болмақ. Түйін сөздер: көркем әдебиет, көркем шығарма, әдеби талдау, ұлттық құндылықтар, әңгімелерді ЖОО-да оқыту әдістемесі, проблемалық оқыту, инновациялық әдіс-тәсілдер.