Аңдатпа
Азаматтардың банкроттық институты қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда өте маңызды. 2022 жылғы 30 желтоқсанда "Қазақстан Республикасы аза-маттарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануы елеулі оқиға болды, өйткені бұл қарыз алушы-лардың борыштық жүктемесінің төмендеуіне және қоғамдағы әлеуметтік шиеленістің азаюына әкеледі. Мақалада 2022 жылғы 30 желтоқсандағы "Қазақстан Республи-касы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелері баяндалады, сондай-ақ осы санаттағы істерді қарау бойынша сот практикасынан мысалдар келтіріледі. Қабыл-данған сәттен бастап азаматтардың банкроттық институты қарқынды дамып келеді, бірақ оны қолдану кезінде көптеген мәселені тудырады. Болашақта осы заңнамалық актінің жекелеген нормаларын жетілдіру, сондай-ақ сот практикасында азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы заңнама нормаларын қолдану бойынша нормативтік қаулы қабылдау қажет.