Сыныптан тыс жұмыс жағдайында оқушылардың икемді дағдыларын дамыту

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2025-1-169-179
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргі заманғы әлемде табысты бейімделу мен даму үшін неғұрлым әмбебап және талап етілетін болып табылатын икемді дағдыларды қалыптастыру дәстүрлі және инновациялық технологиялар жүйесін, білім алушылармен жұмыс істеу әдістері мен нысандарын қолдана отырып, сабақтан тыс жұмыста да жүргізіледі. Осы мақсатқа жету үшін педагогикалық құралдарды таңдау бірінші кезекте білім алушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Білім алушылардың «икемді» дағдыларын дамыту үшін оңтайлы технологиялар мен жұмыс түрлерін анықтай отырып, біз сабақтан тыс жұмыстардың мақсаттары мен ерекшеліктерін, сондай-ақ оның түрлерін қарастырдық. Ойын технологиясы жаңа дағдыларды игеруге ықпал ететін оқытудың тиімді әдісі ретінде қарастырылады. Осыған байланысты квиз-ойындардың танымал педагогикалық феноменіне талдау жүргізілді. Ол білім алушылардың «икемді» дағдыларын тиімді дамытады. Бұған эмоциялық тарту, стандартты емес жағдай, оқу процесінде алынған білімді қолдану мүмкіндігі, сондай-ақ командалық жұмыс, коммуникация, сыни ойлау және стандартты емес ойлау дағдыларын жетілдіру ықпал етеді. Сондықтан да осы маңызды дағдыларды қалыптастыру құралы ретінде квиз ойындары таңдалды. Осылайша, зерттеу барысында біз білім алушылардың «квиз» форматындағы зияткерлік ойындарға қатысуы мен оларда ынтымақтастық, қарым-қатынас, шығармашылық және сыни ойлау сияқты құзыреттіліктердің жоғары деңгейде қалыптасуының өзара байланысын анықтадық.