Интеллектуалды оқыту жүйесін жобалау принциптері: педагогикалық перспектива

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2025-1-31-41
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада педагогикалық тұрғыдан тиімді интеллектуалды оқыту жүйелерін жобалауға қажетті принциптер мен архитектуралық негіздерге талдау жасалынған. Зерттеудің өзектілігі дәстүрлі оқыту әдістерінен цифрлық және интеллектуалды оқыту платформаларына құру қажеттілігімен негізделеді және педагогикалық принциптерді біріктірудің маңыздылығын атап көрсетеді. Зерттеу мақсаты – интеллектуалды оқыту жүйесін жобалауда педагогикалық негізделген архитектуралық модельді әзірлеу және оның негізгі құрамдас бөліктерін сипаттау. Әрбір қабат жүйенің әрі технологиялық, әрі педагогикалық тұрғыдан дұрыс болуын қамтамасыз ету үшін жасалған. Зерттеу жұмысы конструктивистік, бихевиористік және когнитивистік теорияларға сүйене отырып, құрылымдық талдау және коммуникациялық әдістер арқылы жүзеге асырылды. Информатика мұғалімдерін даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласы интеллектуалды жүйелердің барлық мүмкіндіктерін көрсетуге қолайлы орта ретінде таңдалды. Зерттеу нәтижесінде пайдаланушы интерфейсі қабаты, қолданбалы қабат, интеллектуалды қабат, деректер қабаты, интеграциялық қабат және инфрақұрылымдық қабаттардан тұратын интеллектуалды оқыту жүйесінің архитектуралық моделі ұсынылды.