Қалалар географиясын оқытуда ChatGPT-ді қолданудың артықшылықтары мен мәселелерін объективті бағалау

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2025-1-98-111
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

ChatGPT – ақпаратты жылдам жеткізе алатын және әртүрлі педагогикалық тәсілдерді қолдайтын құрал. Зерттеудің мақсаты география мұғалімдерінің пікірлерін ескере отырып, қалалар географиясын оқытуда ChatGPT қолдану мүмкіндіктері мен шектеулерін талдау. Негізгі зерттеу сұрақтары келесілерді қамтыды: ChatGPT-ті оқу үдерісіне енгізудің артықшылықтары мен қиындықтары; оны қолданудың оқушылардың академиялық адалдығына, сыни ойлауына және тәуелсіздігіне әсері, т.б. Зерттеу мақсатына жету үшін Қазақстанның бірнеше қалалары мен облыстарынан 306 география пәнінің мұғалімдеріне сауалнама жүргізілді және Ақтөбе облысындағы орта мектептердің 20 оқытушысына фокус-топ әдісі негізінде сұқбаттар алынды. Зерттеу нәтижелері ChatGPT ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдететінін, білім беру кеңестерін қолдайтынын, тапсырмаларды жоспарлауға және жеке оқытуға көмектесетінін көрсетті. Дегенмен, академиялық тұтастыққа әсері, білім алушылардың дербестігінің төмендеуі, оқу материалдарын талдаудың жеткіліксіз тереңдігі, ескірген және дұрыс емес мәліметтерді беру қаупі сияқты айтарлықтай шектеулер де анықталды. Бұл құралды шамадан тыс пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін әлсіретіп, аналитикалық тапсырмалардың құндылығын төмендетіп, автоматтандырылған шешімдерге тәуелділікті тудыруы мүмкін. Қорытындыда қалалар географиясын оқытуда ChatGPT-ті тиімді пайдалану үшін цифрлық технологияларды дәстүрлі оқыту әдістерімен үйлестіру қажет екендігі баса айтылады. Оқушылар мен мұғалімдер арасында цифрлық сауаттылықты дамыту, ақпаратты сыни талдауға үйрету, жасанды интеллектті (ЖИ) оқу үдерісіне енгізу бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеу үлкен маңызға ие.