АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ БАСЫМ ТІЛ РЕТІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУДЕ БАСҚА ТІЛДЕРГЕ ӘСЕРІ ҚАНДАЙ?

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5657.2025.91.1.013
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі ағылшын тілінің басымдылығының әсері талданады. Елдің үштілділік саясаты аясында ағылшын тілі білім беру жүйесінің ажырамас бөлігіне айналды. Ағылшын тілінде оқыту халықаралық интеграцияға, ғылыми-зерттеу мүмкін-діктерінің кеңеюіне және студенттердің жаһандық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына ықпал етеді. Алайда, бұл үрдіс қазақ және орыс тілдерінің рөлін әлсіретуі, тілдік теңсіздікті күшейтуі және мәдени құндылықтардың сақталуына кері әсер етуі мүмкін. Мақалада сауалнама нәтижелеріне сүйене отырып, студенттердің ағылшын тілінің әсеріне қатысты пікірлері талда-нады. Зерттеу нәтижелері ағылшын тілінің білім беру жүйесіндегі артықшылықтарымен қатар, оның жергілікті тілдерге тигізетін ықтимал салдарын да көрсетеді. Осыған байланысты, мемлекеттік тіл саясаты ағылшын тілінің жаһандық мүмкіндіктерін ескере отырып, қазақ тілінің қолданыс аясын сақтау мен дамытуға бағытталуы тиіс.