АРХИВТЕРДІ ҚҰЖАТТАРМЕН ТОЛЫҚТЫРУ: ҚАЗАҚСТАН ТАРИХНАМАСЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ (1991-2021 ЖЖ.)

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jh2025116103
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Архив қызметінің маңызды бағыттарының бірі жинақтау болып табылады. Мемлекеттік архивтер мемлекеттік билік органдарының, мемлекеттік мекемелердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметінде қалыптасатын архивтік құжаттармен, сондай-ақ оларға мемлекеттік емес мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар мен азаматтар берген құжаттармен жинақталады. Осы тұрғыдан алғанда, архивтану ғылымында жинақтау мәселелерін зерттеу ерекше маңызға ие. Себебі, тарихи құжаттарды анықтау және іріктеу, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, оларды насихаттау және халық игілігіне айналдыру маңызды және жауапты іс. Яғни, архив мекемелеріндегі толықтыру жұмыстарының сапалы жүргізуіне байланысты тарих ғылымының деректанулық кешені анықталады. Сонымен қатар, архивті тарихи- құжаттық мұралармен жинақтау мәселесі бірқатар теориялық және ұйымдастырушылық аспектілерді шешуді талап етеді. Мақалада отандық зерттеушілердің еңбектеріне тарихнамалық талдау жүргізілді. Мәселенің тарихнамасы қазақстандық архивтану ғылымында зерттелмеген. Архивтерді жинақтау үрдісін талдауға арналған отандық зерттеушілердің еңбектерін зерттеу әдістемелік аппаратты жетілдіруге және архивтану ғылымының жаңа бағыттарын анықтауға мүмкіндік беретін ғылыми қызығушылықты көрсетеді.