КЕЛЕС АҢҒАРЫНДАҒЫ ЕЖЕЛГІ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ (Күлтөбе қаласының археозоологиялық материалдары бойынша)

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jh20251161017
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Күлтөбе қалашығының (Түркістан облысы, Келес ауданы) қаңлы дәуірімен мерзімделетін мәдени қабатынан 2023 жылы табылған археозоологиялық материалдарға жүргізілген зертханалық талдаулардың нәтижелері беріледі. Зерттеудің мақсаты Келес аңғарындағы мәдени-шаруашылық түрлерін айқындау, аймақтағы ежелгі мал шаруашылығы мен аңшылық бағыттардың даму динамикасын түсіну және палеофаунаның құрамын талдау болып табылады. Жұмыс барысында археозоологиялық материалдардың жануар түрі бойынша негізгі құрамы анықталып, үй тұяқтыларының қаңқа элементтері, қаңқа бөліктері, морфологиялық ерекшеліктері (экстерьерлік сипаты, жас еркшелігі), тұрғындардың етті тұтыну мөлшері, жануарларды сою мезгілдері мен сүйектердегі бірқатар модификациялық өзгерістер және патологиялар анықталды. Жиыны 1482 сүтқоректілерге тиесілі сүйек зерттеліп, оның ішінде 1156 (78%) сүйек нақты түрге дейін ажыратылды. Остеологиялық коллекцияның құрамында үй жануарларының сүйектері басым (97,4%), сонымен қатар, жабайы жануарлардың сүйектері де (1,9%) кездесті. Жабайы фаунаның құрамында бұғы (Cervus elaphus), арқар (Ovis ammon) секілді тұяқты жануарлармен қатар, түлкі (Vulpes vulpes), балық (Pisces) және құс (Aves) сүйектері де анықталып отыр. Үй жануарларының қалдықтарының арасында уақ малдың (қой-ешкі) сүйектері басым (59,8%). Екінші орында – ірі қара (32,3%), үшінші орында – жылқы сүйектері (6,9%). Аз мөлшерде түйе сүйектері мен мысықтың қаңқа элементі кездесті. Уақ малдың басым бөлігі 1–2,5 жас аралығында көбірек сойылғаны байқалды. Ірі қараны 2,5 жастан асқанда көбірек етке пайдаланған. Уақ малдың төменгі жақ сүйегіндегі тістердің қажалу сатыларын зерттеу нәтижелері жануарлардың жылдың жылы мезгілінде көбірек сойылғанын көрсетті.