Аңдатпа
Бұл мақалада Кеңестік Қазақстанға мәжбүрлеп көшірілген поляктардың кеңестік билікке, коммунизмге және елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалға қатысты наразылыққа толып пікірлері талданды. Зауыт пен фабрикаларға, ұжымшарлар мен кеңшарларға күштеп жұмылдырылған бұрынғы Екінші Речь Посполита тұрғындарының кеңес органдарымен байланысы, өзара шағым-дары және қалайша кеңестік тәртіппен қоғамдық-саяси өмірге бейімделгендігі қарастырылды. Көбіне әлеуметтік-экономикалық қиындықтардан туындаған антикеңестік көзқарастардың қайнар көзі және соған жауап ретінде орын алған репрессиялық іс-шаралар талқыланды. Кеңестік Қазақстанға күштеп көшірілген арнайы қоныстанушылардың Екінші Дүниежүзілік соғыстағы жеңіске деген үлесі мен кеңестік билікке деген жағымсыз көзқарастарының себептерін және кеңес үкіметінің жекелеген поляк азаматтарына қатысты жүргізген қуғын-сүргіндерді зерде сүзгісінен өткізу-мақаланың ең басты мақсаты. Мұрағат құжаттарына дерек көздік талдаумен қатар, салыстырмалы-тарихи және жинақтау әдістері қолданылды. Кеңестік билеушілердің баяндамаларымен есептерінен назар аударып, Польша тұрғындарының билікке деген ашық қарсылығымен Польша Республикасының елшілігі өкілдігі міңтығыз қарым-қатынаста болып, көпшіліктің кеңес азаматтықтан бас тартып, Польша азаматтығын алуға тырысқаны, қоғамдық қызметтермен айналысудан бастартқаны - бұрынғы Польша Республикасының тұрғындарының Кеңес Одағына өкпесі қарақазандай болып, осындай қарсылық түрін таңдады деген қорытынды жасалды.