ХХ ҒАСЫРДЫҢ 20-30 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ БОСҚЫНШЫЛЫҒЫН ЦИФРЛЫҚ ПЕДАГОГИКА НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2025.84.1.024
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ босқыншылығы мәселесін цифрлық педагогика аясында оқыту әдістемесі қарастырылады. Зерттеу барысында тарихи оқиғаларды заманауи цифрлық құралдар арқылы түсіндірудің маңыздылығы талданады. Автор тарихи шындықты жеткізуде интерактивті карталар, мультимедиялық ресурстар, деректер визуализациясы мен цифрлық архивтерді пайдаланудың тиімділігін көрсетеді.Мақалада білім беру процесінде инновациялық технологияларды қолдану тарихи материалдарды игеру сапасын жақсартуға, оқушылар мен студенттердің қызығушылығын арттыруға көмектесетіні атап өтіледі. Цифрлық педагогиканың мүмкіндіктері арқылы ХХ ғасырдағы қазақ халқының ауыр тағдырын түсінуге және оны болашақ ұрпаққа шынайы жеткізуге жол ашылады.Сонымен қатар, мақалада тарихи оқиғаларды оқытуда заманауи ақпараттық технологиялардың орны мен рөліне ерекше назар аударылады. Цифрлық әдістерді қолдану студенттер мен оқушыларға деректерді сараптау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл тарихи білім берудің сапасын арттырып қана қоймай, жастардың тарихқа деген қызығушылығын арттыруға да ықпал етеді.Зерттеу нәтижелері тарихи білім беруді жаңғыртуға үлес қоса отырып, болашақта оқыту әдістерін жетілдіру үшін маңызды теориялық және практикалық негіз бола алады.