ChatGPT жасанды интеллект қосымшасын білім беру жүйесінде пайдаланудың мүмкіндіктері

Herald of journalism, 2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/hj202575107
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бүгінде адамзат цифрландырудың жылдам әрі қарқынды даму сатысында. Соңғы онжылдықта жасанды интеллект қоғамды түрлі салаға ықпал етіп отыр. Зерттеу жұмысының мақсаты – жасанды интеллекттің бүгінгі білім беру жүйесіндегі кеңінен қолданысын талдау, салыстыру арқылы ChatGPT бағдарламасының маңызын, мән-мазмұнын, қызметін анықтау. Жасанды интеллектіні қолдануда оқытушылар арасындағы білім, педагогикалық тәжірибе және әдістемемен алмасуға мүмкіндік беретін мәселені айқындау. Зерттеу әдісі ретінде жасанды интеллекттің жаңа медиа жүйесінің ажырамас бөлігіне айналғандығын, білім беру саласына, оқу тәжірибесіне жасанды интеллектіні енгізудің тиімді стратегиясын айқындау, баға беру, ғылыми пайым жасау. Зерттеу жұмысының ғылыми және практикалық мәні ретінде жасанды интеллекттің технологиялық көптеген салаларына баға беру негізгі нысаны ретінде алынды. Мақаланың қорытындысында жасанды интеллекттінің күнделікті тәжірибемізді өзгертуге және өмір сапасын жақсартуға қабілетті технологиялық революция екендігіне көз жеткізу, ғылыми пайым жасау. Мақаланың зерттеу методологиясы жасанды интеллект, алгоритмдер мен роботтар, басқа технологиялар медиаға тәуекелдермен бірге қауіп-қатерлер төндіріп отырғандығымен, Minecraft, Facebook, Google и Microsoft секілді компаниялар қазіргі таңда жасанды интеллектіні дамытуға өз үлесін қосып отырғандығымен айқындалады. Зерттеу мақаланың қорытындысы ретінде ChatGPT чатбот бағдарламасын жасанды интеллект технологиясымен басқарылатын табиғи тілді өңдеу құралы ретінде ғылыми бағыты көрсетілді. Бұл бағдарламаның қуатты функциялары академияның да, өнеркәсіптің де назарын аударды және жалпы қоғамға үлкен әсері қарастырылды. Аталмыш мақалада ChatGPT бағдарламасының негізгі қызметі, ақпараттық кезеңдегі рөлін, тілді табиғи өңдеу құралының экономикалық және әлеуметтік әсері ретінде талқылануымен құнды. Жасанды интеллект индустриясындағы технологиялық, chatgpt-дің ықтимал экономикалық және әлеуметтік қауіптері, болашақ даму тенденциялары сөз болды. Бұл бағдарламаның белгілі бір дәрежеде адам жұмысының бір бөлігін алмастыра алатыны сөзсіз үрдіс екендігі, білім берудегі жасанды интеллекттің жаңа құрылымын деректер арқылы салыстыра отырып, ғылыми тұжырым жасалуы мақаланың негізгі ғылыми бағытын көрсетеді. Ғылыми жұмыстың практикалық мәні жасанды интеллект контексінде журналистикада «Робот журналистика», «Алгоритмді журналистика» немесе «Автоматтандырылған журналистика» секілді жаңа медиа-концепциялар арқылы жүзеге асырылады. ChatGPT, Алиса сияқты т.б. жасанды интеллект бағдарламаларының ғылыми айналымға енгеннен кейін көптеген зерттеу мен пікірталас тудырдырған тұжырымдар сарапқа салынды.