ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАТЫС АЙМАҚТАРЫНЫҢ ӘУЛИЕ ТҰЛҒАЛАРЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ САКРАЛДЫ КЕҢІСТІКТЕРІ: МӘДЕНИ МҰРА, РУХАНИ БІРЕГЕЙЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2025.84.1.019
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазақстанныңбатыс өңірлеріндегі әулиелер –ишандар, хазіреттер, ахундармен байланысты сакральды кеңістіктер мәдени және діни өмірде маңызды орын алады, олар рухани тазарту, ғибадат және дәстүрлерді сақтау орталықтары болып табылады. Мұндай орындар, мысалы, қасиетті мазарлар, кесенелер мен мешіттер, жергілікті әулиелердің культімен тығыз байланысты, олардың өмірі мен іс-әрекеттері руханилық пен моральдық құндылықтардың үлгісі болып табы-лады. Бекет Ата, Шопан Ата, Сисем Ата, Ұшқан Ата, Қошқар Ата қорымы, Арықпан Ата, Арыстан Ата, Ахон Ата және басқа да әулиелермен байланысты культтік орындардың ерекше маңызы бар, олардың кесенелері мен қасиетті орындары қажылық пен рухани тазартудың маңызды орталықтарына айналды. Сондай-ақ, «Қыз әулие», Тақсай ханшайымы, «Керік күмбезі», Сыпайы әже, Аймекен, «Ғалия әулие» тағы басқа да қасиетті әйелдерге тағзым мазмұны, оның психо-логиялық, тарихи, әлеуметтік аспектілері нақтыланады. Әулиелерді құрметтеу жергілікті қауым-дастықтардың әлеуметтік сәйкестігін нығайтуға, рухани дәстүрлерді ұрпақтан-ұрпаққа сақтауға және жеткізуге ықпал етеді.Сакральды объектілер тек діни қызметтерді орындап қана қоймай, сондай-ақ әлеуметтік бірліктің символына айналып, адамдарды ортақ нанымдар мен тарихи естеліктер арқылы біріктіреді. Бұл орындардың жергілікті билікті қалыптастырудағы рөлі де маңызды, өйткеніолардың көпшілігі белгілі діни тұлғалармен байланысты, олардың есімдері мен істері халықтың ұжымдық жадысында сақталады. Қазақстанның батыс аймақтарының сакральды кеңістіктерін зерттеу олардың өңірдің мәдени және рухани ландшафтындағы көпқырлы маңызын ашуға, сондай-ақ жергілікті қауымдастықтардың мәдени байланыстарын және рухани практика-ларын сақтау рөлін анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеуде сакральды объектілер мен олардың рухани және әлеуметтік сәйкестікті қалыптастырудағы рөлінің өзара байланысын талдауға ерекше назар аударылады, бұл этнографиялық зерттеулерді, тарихи, археологиялық және жазба дереккөздерін талдауды қамтитын кешенді әдісті қолдануды талап етеді.