ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНҒА ДЕПОРТАЦИЯЛАНҒАН КАВКАЗ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК –ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТУСЫ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2025.84.1.011
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ғылымимақалада ХХ ғасырдың 30–50 жылдарыКеңестік Социалистік Республикалар Одағында (әрі қарай –КСРО, Кеңес Одағы) мемлекет және коммунистік партия басшылығының бұйрығымен жүзеге асқан ерікті көші-қон мен мәжбүрлі депортация салдарынан зардап шеккен халықтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен құқықтық мәртебесі жан-жақты зерттелген. Зерттеу барысында Кавказ аймағының тұрғындары бастан кешірген қиындықтар ғылыми тұрғыда талданып, тақырыптың өзектілігі негізделді. Мақаланы жазу кезінде тарих ғылымының негізгі қағидаттары мен әдістері басшылыққа алынды. Зерттеудің объективтілігі, толыққандылығы, жүйелілігі және нақтылығы қамтамасыз етіліп, аналитикалық және салыстырмалы зерттеу әдістері қолданылды. Сонымен қатар, тарихи құжаттарды сипаттау және талдау мақсатында материалдарды кезеңдерге бөлу әдістері пайдаланылды. Зерттеудің дереккөздік базасы ретінде ХХ ғасырдың 30–50 жылдарындағы Кеңес Одағының статистикалық мәліметтері, мұрағат құжаттары және ғылыми еңбектер қолданылды. Әдіснамалық негіз ретінде депортацияныңәлеуметтік-экономикалық жағдайға және азаматтық құқықтарға тигізген әсерін зерттеу барысында кешенділік, жүйелілік және объективтілік ұстанымдарына сүйенген салыстырмалы талдау әдісі алынды. Зерттеудің негізгі мақсаты –депортацияға ұшыраған Кавказ халықтарының әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мәртебесіндегі эволюциялық өзгерістерді анықтау. Бұл мақала зерттеушілерге депортация мәселесін ғылыми тұрғыдан қарастыруға бағыт-бағдар береді