СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ МӘДЕНИЕТ: ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ НАУҚАНДАР ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛДАРЫ (1945-1953 жж.)

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2025.84.1.009
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада 1940 жылдардың аяғы мен 1950 жылдардың басындағы Қазақстандағы ғылыми және шығармашылық зиялы қауымға қатысты саяси қуғын-сүргін тарихы қарастырылады. Архивтік деректер кешенінде шоғырланған материалдарды саралай отырып, Қазақстандағы соғыстан кейін орын алған әкімшіл-әміршіл жүйенің мәдениет пен өнерге, әдебиетке, театр мен киноға қатысты жүргізген шаралары негізделедіп отыр. Кеңес өкіметі өзінің үгіт-насихат жұмыс-тары арқылы әлі де болса алып елдегі билікті сақтап қалуға тырысты. Алайда адам құқықтары мен бостандықтарына қол сұға отырып, әрбіржеке тұлғаға, оның ерік-жігеріне, жеке мүдделеріне, «заман талабына» нақты жауаптар табу ұмтылысына жіті бақылау жасап отырғаны аталып өтіледі. Мәдени қызметтің барлық түрлерін қадағалау үшін мемлекеттік бақылау комитеттері құрыла отырып, әр бір шығармашылық жұмыстарды арнайы сараптаудан өткізуі баяндалады. Барлық одақтық, республикалық және партиялық органдарының ресми құжаттарында, ақпараттық жәнеаналитикалық материалдарында, бұйрықтары мен жарғыларында бұл мәселер анық көрініс береді. Соған орай мақалада аталған кезеңдегі мәдениет пен өнер саласына арнайы бақылаудың күшейтіліп, барлық шығармашылық тундылардың тек партиялық принцип тұрғысынан орындалғандығы қарастырылады.