Аңдатпа
Мақалада жастардың оқу сауаттылығын арттыру мақсатында олардың сауаттылық деңгейін анықтау мәселелеріне арналған. Зерттеудің өзектілігі оқу сауаттылығының қоғамның үздіксіз білім беру жүйесіндегі рөлімен және осы дағдыны дамытуға қатысты қазіргі жағдайымен негізделеді. Цифрлық мәтіндермен жұмыс жасау дағдыларына ерекше назар аударылды. Зерттеу жұмысы бірнеше кезеңдерді қамтыйды: мәселенің шығу тарихын зерделеу, терминологиялық аппаратты анықтау, деректер жинауды дайындау және өткізу, соңында оны талдау. Мәліметтерді жинау үшін кросс-сауалнама және анонимді онлайн сауалнама негізінде сандық әдістеме қолданылды. Әлеуметтік сауалнамаға қатысушылар ретінде Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің студенттері мен оқытушылары тартылды. Деректер Google Forms, сипаттама статистикасы және тәуелсіз үлгілердің t-тестері арқылы талданды. Зерттеу барысында білім алушылардың сауатты оқу дағдылары туралы, олардың сандық мәтіндерді қолдану жиілігі мен алгоритмі және осы дағдыны оқытудың кең таралған әдістеріне қатысты білімдерінің нәтижелері алынды. Алынған мәліметтер әртүрлі форматтағы мәтіндерді функционалдық оқуға үйрету әдістерін одан әрі дамытуға ықпал ете алады.