Аңдатпа
Салыстырмалы- салғастырмалы зерттеу тіл білімінде генеологиялық жағынан бір- біріне ұқсамайтын тілдерді зерттеуде негізгі зерттеу тәсілі болып табылатыны бәрімізге белгілі. Зерттеліп отырған тақырып ағылшын және қытай тіліндегі адам бейнесіне байланысты теңеулердің эталоны болғандықтан, осы мақалада фразеология саласындағы біраз еңбектер қарастырылды әрі осы мақаланың негізгі теориясын құрады. Саны жағынан мол, құрылымы жағынан күрделі болатын қасиетке ие теңеулер әр тілде кездеседі. Олардың ішкі құрылымын, семантикасын, шығу тарихын жан- жақтылы зерттеу осы мақаланың басты міндеті болып табылады, әрі осы мақалада ағылшын және қытай мәдениетіне тән әртүрлі ұқсастықтар мен айырмашылықтар мысалдар арқылы айқын көрініс табады. Фразеология тұрақты тіркестерді мақал- мәтелдер, қанатты сөздер және коллокациялар деп бірнеше топтарға жіктеп қарастыратын тіл білімінің бір саласы. Мақалада ағылшын және қытай тіліндегі теңеулердің эталонын зоонимдер, фитонимдер, тұлға аттарына байланысты теңеулер, ыдыс және тұрмыстық заттардың атауы, табиғат құбылыстарының атауларына байланысты теңеулер, діни наным-сенімдерге байланысты теңеулер және т.б эталондарға бөліп қарастырылады да, олардың әрқайсысына нақтылы мысалдар арқылы түсінік беріледі.