ҚАЗАҚСТАННЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ: ЖАҒДАЙЫ, МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ШЕШІМДЕРІ

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.58805/kazutb.v.1.26-620
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Жұмыс аграрлық сектордың қазіргі заманғы сын-қатерлері жағдайында ерекше өзекті болып отырған Қазақстан ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялардың жай-күйі мен динамикасын және олардың еңбек өнімділігіне әсерін зерттеуге бағытталған. Енгізіліп жатқан бірқатар мемлекеттік бағдарламалар мен ауыл шаруашылығына бағытталған қомақты инвестицияларға қарамастан, еңбек өнімділігінің төмендігі терең талдауды қажет ететін маңызды мәселе болып отыр. Зерттеудің мақсаты Қазақстан ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестицияларды жүйелі талдау және олардың еңбек өнімділігіне әсерін бағалау болып табылады. Мақалада мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың тиімділігіне және олардың ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесіне әсер ететін негізгі факторлар да қарастырылады. Зерттеу гипотезасы – Қазақстанның ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар көлемінің ұлғаюы еңбек өнімділігіне оң әсер етеді, дегенмен бұл ықпалдың тиімділігі мемлекеттік бағдарламаларды жоспарлау мен іске асыру сапасына және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің іскерлік белсенділік деңгейіне де байланысты болады. Зерттеу нәтижелері Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі мен тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін еңбек өнімділігін және аграрлық сектордағы инвестицияларды пайдалану тиімділігін арттыруда кешенді бағыт ұстану қажеттігін көрсетеді.