Аутентті мәтіндер арқылы оқылым дағдысын дамыту

2025

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2025-150-1-241-249
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Оқылым мәтіндері шынайы өмірге, адамға, қоғамға, мамандыққа байланысты болуы тиіс. Бұл тұжырымдама коммуникативтік бірлік ретіндегі мәтіндерге қойылатын талаптардың негізінде туындайды. Зерттелетін мәселенің өзектілігі тіл үйренушінің оқылым дағдысын қалыптастырудың тиімді жолдарын таңдау қажеттілігінен туындап отыр. Осыған байланысты мақаланың мақсаты – тиімді коммуникативтік оқу үдерісін және аутентті мәтіндік материалдарды ұйымдастыру мүмкіндігін тіл үйретудің тиімді тәсілі ретінде қарастыру. Мақаланың теориялық бөлімінде тіл үйрету құралы ретінде оқылым әрекетін аутентті мәтіндер негізінде меңгерту мәселесін зерттеген ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалды. Нәтижесінде оқылым дағдысын қалыптастыру жолдарын қарастырған еңбектердегі «аутенттілік» және «аутентті материалдар» ұғымдарына берілген анықтамалар сараланды. Аутентті мәтіндердің түрлеріне талдау жасалды. Аутентті мәтіндік материалдарды пайдалану аспектілері қарастырылып, мәтіннің әрбір түрі үшін оқуды ұйымдастыру кезеңдері мен тапсырма түрлері анықталды. Зерттеудің практикалық бөлімінде студенттердің сөздік қорын кеңейтуге, аутентті мәтінді меңгеру негіздерін үйретуге, сөздікпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік беретін аутентті ақпараттық мәтіндерді оқуға баса назар аударылды. Мақалада көтерілген мәселелер тіл үйрету сабағында аутентті материалдармен жұмысты ұйымдастыру тұрғысынан практикалық құндылыққа ие және аутенттілік мәселесін зерттеуге теориялық-практикалық үлес қосады.